«Қазақ тілі – болашаққа сермер ана тілі»
Бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі ел тізгінін ұстар тұлға. «Тілсіз ұлт болмайды» емес, «Ұлтсыз – тіл болмайды» дегенге айтарым – бүгінгі еврей халқы екі мың жылдың үстінде жоғалтқан иврит тілін бір-ақ күнде тірілтті. Ұлт жоқ жерде жерде -тіл де жоқ. Тілді тірілтуші, оған жан беруші –ұлттың өзі. Тіл ең әуелі «өзімізге», ұлтқа қажет. Тілді жойып алмау үшін, рухы биік мемлекет құруымыз, тілге деген жас ұрпақтардың махаббатын ояту қажет, іс әуелі өзімізден – мемлекет пен мемлекеттілік дәстүрді ұстап отырған ұлттан басталуы қажет. Сондықтан, тілдің сақталуы –ұлттың сақталуына қатысты екінші қатарда тұрған құбылыс. Тіл тек қана қарым-қатынас құралы ғана емес, ол елдің тарихы, бүгіні және келер болашағы. «Мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын биліктің бірден-бір құрылымы болса, мемлекеттік тілді дамыту мемлекет саясаттарының бірі. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметкердің ұлтымыздың қазынасы мемлекеттік тілді білуі міндет. Тілдің қолданысын тиісті деңгейіне көтеру біздің парызымыз.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болғандықтан мәртебесі жоғары болуы тиіс, бүгінгі сот жүйесіндегі іс құжаттары мемлекеттік тілде жүргізілетінін, ішкі, кіріс-шығыс хат-хабарлар мемлекеттік тілде жолданатынын, бұл көрсеткіштер жыл сайын еселеніп келе жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жолдауында қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейту турасына ерекше тоқталды, яғни қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтуді тапсырған. Осы тарапта мемлекеттік тіл тек қазақ тілі болды. Мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілін білуге міндетті. Мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті. Барлық құжаттар қазақ тілінде жасалуы қажет. Әрбір мемлекеттік қызметкер қазақ тілінің жауапкершілігін сезініп, қазақша құжатпен жұмыс жасауға бет алғаны ләзім. Атап айтатын болсақ аудандық соттағы құжаттар айналымының жүйесі соның ішінде сұраныстар, хат алмасулар, шығыс құжаттар тек қазақ тілінде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар сот актілері мемлекеттік тілде қабылданатындықтан қоғамда атқаратын ролінің маңыздылығын, сондықтан мемлекеттік тілді тиісті дәрежеде қолдану, ерекшеліктерін сақтап жетілдіру жұмысын атқару әр қызметшінің міндеті.
Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде, немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру міндет болып табылады. Аудандық соттың шығыс құжаттарының барлығы мемлекеттік тілде рәсімделеді.
Сондықтан біз «Ұлт» болып, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде елімізді, тілімізді құрметтеп, сақтауымыз міндет!
Сөз соныңда айтарым, «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Ұлттық қазынамыздың құндылығын, сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді қолдану және дамыту тәртібімен, іс жүргізу бойынша құжаттарды дайындау, шығыс және ішкі құжат айналымда қазақ тілін сапалы, сауатты пайдалану тәртіптерін дұрыс қолдануды атап, тілді құрметтеумен, мәртебесін көтеру.
Ж.Б. Каримов
Бәйтерек аудандық
Соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]