Сот жүйесінің ашықтығы
Құқығы бұзылған азаматтардың соңғы жүгінетін жері сот. Сондықтан аталмыш органның «қарақылды қақ жарған» әділдігі ғана емес, халық сеніміне лайықтылығы, барынша ашықтығы да маңызды.
Осы орайда соңғы жылдары еліміздің сот жүйесіне енгізілген реформалардың қай қайсысы болса да халықтың сотқа деген сенімін арттыруға, саланың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Судьяларға да сот төрелігін уақытылы, заң талаптарына сай, әділетті және сапалы атқару талаптары қойылуда. Кешенді түрде жүргізілген осындай жұмыстардың арқасында елімізде уақыт талабына сай сот төрелігі қалыптасып келеді. Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуде сот жүйесінің цифрлы технологияға бет бұруы үлкен рөл атқарып отыр. Сотқа келіп түскен істердің өзі арнайы жүйе арқылы бөлініп, ешкімнің таңдау құқығы есепке алынбай, судьялардың бұра тартуының, халықтың көңілінде күдік тууының алды алынуда. Сондай-ақ қазіргі таңда барлық сот кабинеттері арнайы бейне-жазба құрылғыларымен қамтамасыз етіліп, барлық сот отырыстары таспаға жазылуда. Бейне құрылғыларға жазылған таспаны өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ. Мұндай қызмет сотқа жүгінген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шынайы қорғаудың сапасын одан әрі арттыра түсіп, сот ашықтығын арттыра түсері анық. Ал заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен енгізілген «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы сотта қаралатын істерді бақылап отыру мүмкін болса, «Сот кабинеті» сот органдарының онлайн қызметіне қолжетімділікті арттырып отыр. Аталмыш қызмет арқылы кез келген азамат немесе оның заңды өкілі үйде отырып-ақ өзіне ыңғайлы уақытта, сот құжаттарын, істегі мәртебесін қарап, сот актісін басып шығару да мүмкіндігі бар. Мұның барлығы сот ісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, сот қызметін қолжетімді ете түскенінің бейнесін көрсетеді.
Электронды бақылау өндірісі. Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған жобаның бірі – электронды бақылау өндірісі. Бұл қызмет – сот отырысына қатысушыларына пароль беру арқылы сот істері бойынша ақпарат алу үшін және іс бойынша барлық сот актілерімен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазіргі кезде «Төрелік», «Дыбыс-бейнежазба», «Сот кабинеті» сынды қолданыстағы бағдарламалар екенін атап өтуге болады. Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету мақсатында, процеске қатысушылардың істің барлық материалдарымен танысуына, кез келген сот сатысында істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар болуға мүмкіндіктер жасалған. Яғни сотқа түскен барлық істер бойынша, істің сотқа түскені, қарауға тағайындалғаны, қаралған күні, басқа да іске қатысты мәліметтер тараптарға СМС хабарламалар арқылы жолданады. Сотта жариялылықты заңсыз шектеу жағдайларына жол берілмейді және барлық мүдделі адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Кез келген адам сот отырысына қатысуға құқылы.
Сондай-ақ қазіргі таңда елімізде сот отырыстары өтетін орындарын, яғни бөлмелерде сапалы бейнежазба, дыбыс жазу құралымен жарақтау міндеті қойылған. Яғни сот отырыстары жариялы түрде арнайы жазба құралдарына жазылып отырады. Атап өтер жайт, оны өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ, оның ішінде судья да оған өзгертулер мен түзетулер енгізе алмайды. Жазылған бейне дыбыспен тыңдалып, көзге көрініп тұрады. Сондай-ақ жергілікті соттар осы жазба құралы арқылы қаралған істердің есебін беріп отырады. Бұл өз кезегінде сотқа жүгінген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шынайы қорғаудың сапасын одан әрі арттыра түсері анық. Яғни бұл да болса еліміздің сот жүйесіндегі ашықтық пен жариялылықтың бір мысалы.
Ашықтық пен жариялылық, ақпаратқа қолжетімділік тетіктерін жетілдіру бағытында сот жүйесінде түрлі электронды технологиялық жаңалықтар енгізіліп, бүгінде халық игілігіне қызмет көрсетуде.
Орал қалалық соты әкімшісінің
бас маманы- сот отырысы хатшысы А.К.Утепова
[xfvalue_img]