«100 нақты қадам»: жаңа талаптар сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етеді

«100 нақты қадам»: жаңа талаптар сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етеді

Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының екінші бөлімі заң үстемдігін қамтамасыз етуге арналғаны белгілі. Атап айтқанда, 20-қадамда «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс», деп жазылған. Бұл талап сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның адамның конституциялық құқығын сақтаудағы маңызы өте зор.

Елде демократиялық қағидаларды орнықтыру, халықтың бостандығы мен құқығын қорғауда тәуелсіз сот болу қажеттігін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздігіміздің басынан-ақ ерекше назарда ұстап келеді. Сондықтан Жоғарғы соттың тапсырмасы бойынша, сот жүйесінің алдына қойған талаптарды жүзеге асыру үшін жергілікті соттар сот төрелігін уақтылы, заң талаптарына сәйкес, әділетті және сапалы түрде жұмыстануға міндетті. Мысалы, қазіргі таңдағы сот жүйесі қызметінде «Төрелік», «Сот кабинеті», «Үн-бейне жазба құралын қолдану» сынды тетіктер сот ісінің ашықтығына және қолжетімділігіне орай енгізілген.

«Төрелік» - бұл сотта қаралатын істерге ғаламтор желісі арқылы енгізілген бірыңғай жүйе. Яғни, сот істерінің ашықтығының дәлелі. Ал, «Сот кабинеті» - сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режімінде «Сот кабинеті» интернет-сервисі арқылы электронды түрде өз талаптарын жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар. Бұл - сот жүйесінің қолжетімділігінің көрінісі.

Сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етудің басты мақсаты азаматтардың құқықтарын сақтау болып табылады. Әлбетте, сот төрелігін жүзеге асыруда әуелі судьялардың әділдігі талап етіледі. Бұл орайда Президентіміздің «Ең бастысы, сатылмайтын сот билігінің болуы елдің бүкіл құқықтық жүйесінің сапалы жұмысының міндетті шарты болып табылады», - деген сөзі ұдайы жадымызда. Ал сот жүйесінің ашықтығын жүзеге асыру мақсатында барлық соттарға қаралатын істерді үн-бейне жазба құралы арқылы, ал мүмкін болмаған жағдайда - үн жазба құралын жасақтау міндеті қойылғандығын баса айтып өту керек. Себебі, бұл тетік - сот ісін жүргізу реформасының институционалды жүйесінің жетілген қадамының бірі. Шын мәнінде, кез-келген сотта қаралған іс үн-бейне жазба құралымен жасақталады. Оны өзгертуге ешкімнің қақысы жоқ, оның ішінде судья да оған өзгертулер, түзетулер енгізе алмайды. Жазылған бейне дыбыспен тыңдалып, көзбен көрініп тұрады. Сондай-ақ, жергілікті соттар осы жазба құралы арқылы қаралған істердің есебін беріп отырады.

Мемлекет басшысы сот қызметін сапалы әрі мәртебелі ету үшін ұсынған институционалдық реформасын кезең-кезеңмен жоспарлауды тапсырып, оны жүзеге асыруда судьялар мен сот қызметкерлерінің әділ де шыншыл, объективті болуларын талап етіп отыр. Бұл талаптың негізгі мақсаты азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру болып табылады.

 

Рымгалиева Б

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.