Тараптарды сот отырысына шақыру
Тараптарды сот отырысыа шақыру, оны ұйымдастыру хатшының тікелей міндеті. Бұны өз деңгейінде орындау сот отырысының хатшысының біліктілігіне байланысты.
Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар сот отырысынң немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады. Іске қатысатын адамдар, электрондық пошта мекен-жайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін.
Соттың шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда, шақыруда: хабарланатын немесе сотқа шақырылатын адамды (тегін, атын, әкесінің атын, әне адамды тұрғылықты жерін не заңды тұлғаның атауы мен оның орналасқан жерін) көрсету; соттың атауы мен мекенжайы, сотқа келетін жері мен уақытын көрсету; адресат хабарланатын немесе шақыртылатын істің атауы, адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақырылып отырандығын көрсету міндеттеледі.
Шақырту туралы тиісті түрде хабарланған адамның келмеуінің дәлелді себептері болып: адамды келу мүмкіндігнен айырған ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, адамды белгіленген уақытта келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер танылады. Күдікті, айыпталшы, сотталушы, сондай-ақ куә және жәбірленуші шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дәлелді себептер туралы өздерін шақырған органға хабарлауға міндетті.
Орал қалалық соты әкімшісінің
бас маманы-сот отырысының хатшысы А.Т.Хайруллина
[xfvalue_img]