Мемлекеттік тілдің сот төрелігі саласындағы орны
Соттағы ана тілінің қолданылу аясын кеңейту – қоғамның одан арғы дамуына негіз қалау. Барлық мемлекеттік қызметкерлер, тіл жанашырларының басты міндеті осы болып отыр. Тілді меңгеруде, тіл байлығының қалыптасуында кітаптың рөлі орасан зор. Жас буынды рухани тәрбиелеудің құралы әдеби кітаптар деп білемін. Мемлекеттік тіл – елімізде барша азаматтар үшін ұлты мен нәсіліне қарамастан темірқазық тілге айналуы тиіс.
Мемлекеттік тілдің ахуалы сот жүйесін де айналып өтпейді. Бұл сала тілдің аясын кеңейту үшіністі жүргізетін тергеушілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, судьялар, қорғаушы адвокаттар, сот орындаушылар қазақ тілін барынша меңгеруі тиіс. Әрбір жауапқа тартылған азаматқа өз конституциялық құқы бойынша мемлекеттік тілде жауап беруге қауқарлы екенін түсіндіріп отыруы тиіс.
Сот жүйесінің ең басты әрі дара өнімі – сот актісі. Көбінесе адамдар оның мазмұнын түсіну үшін қосымша қаржы мен уақытын жұмсай отырып, заңгерлерге жүгінуге мәжбүр. Әрбірсот шешімінің мазмұны айқын әрі түсінікті болуы тиіс, онда іске қатысы жоқ артық ақпарат айтылмауы керек. Әрбір айтылған сұраққа судья өзінің дәйектемесін келтіруі шарт. Бұған қоса сот шешімі жарияланғаннан кейінсудья міндетті түрде тараптарға неліктен дәл осындай шешім қабылдағанын түсіндіруі тиіс.
Бұл саладағы ең басты проблема – республика бойынша қазақ тілінде қаралатын сот істерінің саны әлі де төмен. Соттардағы кіріс-шығыс, ішкі және жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің, соттардағы қазақ тіліндегі қаралып жатырған істердің үлес салмағы, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері ай сайын қадағаланып отыр. Барлық соттарда хат алмасу, жиындар, жедел кеңестер мемлекеттік тілде жүргізілуде. Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында алға қойған қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлін күшейту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде және күн тәртібінен түспек емес.
А.Искакова, Жаңақала аудандық сот әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]