ҚР Жоғарғы Сотының Халықаралық кеңесі интернет-алаяқтықпен күрестің өзекті мәселелерін талқылады

ҚР Жоғарғы Сотының Халықаралық кеңесі интернет-алаяқтықпен күрестің өзекті мәселелерін талқылады

◾️ Жоғарғы Соттың Халықаралық кеңесінің отырысында соттарда жасанды интеллектті енгізу және интернет-алаяқтықтан зардап шеккендердің мүдделерін қорғаудың тиімді тәсілдері талқыланды.
◾️ Іс-шараға сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары, Сот әкімшілігінің және Сот төрелігі академиясының басшылығы оффлайн және онлайн режимінде қатысты.
◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында сот қателерін азайту және күрделі істер бойынша жұмыс істеуде ресурстарды босату үшін ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және роботтандыру арқылы сот процестерін жеңілдету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
◾️ Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қазақстандық соттарда жасанды интеллекті мен робототехниканы қолданатын бірегей IT-өнімдерін қолдану туралы айтты.
◾️ Кеңес мүшелері Оксана Качалова, Кристофер Кэмпбелл-Холт, Куртис Мастерс және Айгүл Кенжебаева соттарда ақпараттық технологияларды қолдануды жақсарту жөнінде ұсыныстар жасады.
◾️ Екінші мәселе бойынша Жоғарғы Соттың судьялары Мәдениет Омарбекова мен Баян Тоқтарова интернеттегі алаяқтыққа қатысты істердің жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.
◾️ Биыл 2022 жылмен салыстырғанда мұндай азаматтық істердің өсімі 270 пайыздан асты.
◾️ Алаяқтардың ықпалымен жәбірленушілер банктік және микроқаржылық несиені өздері рәсімдейді, тіпті жылжымайтын мүліктерін сатып, ақшаны белгісіз адамдарға жібереді.
◾️ Биылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы абыройлы азаматтар зардап шегетін алаяқтықпен және соған байланысты құқық бұзушылықтармен күресу үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырды.
◾️ Судьялар Қылмыстық кодексте интернет-алаяқтық құрбандарының мүдделерін қорғауға қатысты тиісті бап болмағанымен, жәбірленушілерді қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістері бар екенін атап өтті.
◾️ Азаматтық істер бойынша соттарға талап-қоюлардың екі санаты беріледі: «дропперлерден» негізсіз баюды өндіру туралы және азаматтардың банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарсы талаптары.
◾️ Осылайша, егер сотта оны алу негіздерін растамаған «дропперлер» деп аталатындардың шоттарына ақша түскені дәлелденсе, онда олар алынған негізсіз баюды қайтаруға міндетті.
◾️ Биылғы жылдың басынан бері Жоғарғы Сот әзірлеген бұл практика, азаматтардың алаяқтық схемаларға қатысуын болдырмауға көмектеседі.
◾️ Жиынға қатысушылар электронды төлем құралдарын пайдалана отырып несие беру саласындағы жауапкершілікті арттыру арқылы қылмыстық заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.
◾️ Сондай-ақ, заңнамаға онлайн-несие беру кезінде міндетті биометриялық аутентификация және зейнеткерлер мен халықтың осал топтары үшін шектеулер туралы түзетулер ұсынылып отыр.
◾️ Жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беретін тағы бір жаңалық – несиенің клиенттің қатысуынсыз алаяқтық жолмен берілгені сот актісімен анықталған кезде несиелік ұйымдардың қарызды есептен шығару жөніндегі заңмен бекітілген міндеттемесі болмақ.
◾️ Бұл норма несиелік ұйымдарды берілген несиелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға ынталандыруы тиіс.
◾️ Халықаралық кеңес әзірлеген ұсынымдар уәкілетті органдарға жіберіледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.