Сенат сот жүйесін реформалау туралы заңды мақұлдады
◾️ Парламент Сенаты сот жүйесін реформалау және процестік заңнамасын жетілдіру туралы заңды екі оқылымда мақұлдады.
◾️ 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық және қылмыстық істер бойынша дербес кассация енгізіледі.
◾️ Кассациялық сатыда алдын ала қарау кезеңі алынып тасталады.
◾️ Азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат емес, кассациялық шағым береді.
◾️ Сот ісін жүргізудің барлық түрлеріне кассациялық қадағалаудың бірыңғай ережелері енгізілуде.
◾️ Әкімшілік істерге ұқсас, қылмыстық және азаматтық істерді кассациялық сатыда қарау мерзімі қисынды мерзімде, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
◾️ Кассациялық сатыға қолжетімділікті кеңейту үшін 2027 жылғы 1 шілдеден бастап, мүліктік мүдделеріне байланысты даулар бойынша жеке тұлғалардың талап қою сомасы 2 мың АЕК-тен төмен және заңды тұлғалардың талап қою сомасы 30 мың АЕК-тен төмен, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар және ұсақ қылмыстар бойынша шектеулер алынып тасталады.
◾️ Әкімшілік істер бойынша сот актілері апелляциялық шағымданғаннан кейін заңды күшіне енеді.
◾️ Азаматтық істерге ұқсас, 2025 жылдың 1 наурызынан бастап жауапкер әкімшілік орган болып табылатын талап қоюшының таңдауы бойынша әкімшілік істер бойынша эксаумақтық соттылық енгізіледі. Бұл мемлекеттік органдардың қызметіне де тиімді әсер етеді.
◾️ Дербес кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді.
◾️ Оның негізгі мақсаты сот практикасын және сот төрелігін жүзеге асыруда заңдылықты сақтау мәселелерін зерделеу әрі қорыту болмақ.
◾️ Сенат отырысынан кейін Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов журналистердің сұрақтарына жауап берді.
[xfvalue_img]