Сот хатшысының сот саласында орны ерекше

Сот хатшысының сот саласында орны ерекше

Сот қызметін қамтамасыз етуде сот отырысының хатшылары маңызды рөль атқарады. Сот саласына бас маман немесе сот отырысының хатшысы болып қызмет атқару үшін арнайы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жарияланған мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тест тапсырады. Тестілеуден өткеннен соң өзі таңдаған лауазымға әңгімелесуден өтеді. Міне осылай ҚР әрбір азаматы мемлекеттік қызметкер бола алады

Сот саласында сот отырыстарының уакытылы әрі сапалы өтуі сот отырысының хатшыларына байланысты, сондықтан сотқа келіп түскен істерді сот өндірісіне сот қабылдаған күннен бастап, тараптарға уақытылы хабарлама жіберіліп, яғни тараптардың сот отырысына түгел қатысуы қамтамасыз етілуі, сот процесі аяқталғанға дейін қажет құжаттарды сұратып, іс құжаттарды реттеу жұмыстары, сот қабылдаған сот актісін тараптарға жолдап, келіспеген жағдайда тараптарын сот шешіміне түскен шағымдармен таныстырып, жоғары сот инстанциясына апелляциялық сатыда қарауға жолдау тікелей сот хатшысының міндеті  болып табылады. 

Қазіргі уақытта барлық қылмыстық іс бойынша сот хаттамалары үн-бейне жазба арқылы АВФ жазылып отырады. Бұл мемлекеттік қызмет мәртебесін қолдап, сот отырысының хатшыларының жұмысын жеңілдетіп, қызметіміздің сапасын арта түскендігін білдіреді.

Мен үшін мемлекеттік кызметкер болып, сот саласына үлесімді қосып, өзіме жүктелген міндеттерімді абыройлы атқарып, жауапкершілікпен қарап жүрудің өзі бір мәртебе. Сот отырысының хатшысы болып Орал қалалық сотында 10 жыл қызмет атқардым, қазір кеңсенің бас маманымын. Алған тәлім тәрбиеммен жаңа келген мамандармен бөлісіп, оларға үлгі болуға тырысып еңбек жасаудамын. Сот отырысының хатшысы болып қызмет арқару беделді және қызықты екенін де естеріне салып отырамын. Сот хатшыларына бағыт- бағдар беріп отыратын судьялардың да орны ерекше.

2022 жылы 24 маусымда Қазақстанда мерекелік күндердің тізбесіне судья және сот қызметкері күні мейрамы белгіленіп аталып жүр. Мереке сайын сот қызметкерлері марапатталып, еңбектері бағалануда.Қай салада болсын өз қиыншылығы, өз күрделілігімен ерекшеленеді. Сот хатшысы болу өте жауапты да, абыройлы міндет.

Орал қалалық соты әкімшісінің

бас маманы Г.А.Тусупова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.