Сот отырысын ұйымдастыру
Сот отырысын ұйымдастыру жұмысы күрделі және қиын. Сот хабарландырулары мен шақырулар почта, (ГЭП), курьер, телеграф, факсимильды байланыс, ұялы байланыс абоненттік нөмірі, электрондық құжат айналымы жүйелері, немесе хабарландыруды не шақыруды қамтамасыз ететін өзге байланыс құралдары пайдалану арқылы жіберіледі.
Сотқа қатысушы азаматтар бейнебайланыс арқылы Trueconf, Whatsapp, Skype молбильді қосымшаларының көмегімен сот отырысына қатыса алады.
Сот отырысын бас маман-сот отырысының хатшысы ұйымдастырады. Сот істерін олар қаралғаннан кейін ресімдеп, құжаттарды іске хронологиялық тәртіп бойынша тігеді; Істің парақтарын нөмірлейді және өзінің қолтаңбасын қойып, істегі материалдардың тізімдемесін жасайды немесе бар тізімдемені жалғастырады, сот отырысының қысқа хаттамасына дыбыс-бейнежазба дискісін қоса тіркейді, ол іспен бірге сақталады; Сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін атқару құжаттарын, орындауға жібереді; сот ісіне қатысушыларға заңды күшіне енбеген сот актілерінің көшірмелерін береді; сырттай шешім шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірмей сот отырысына қатыспаған жауапкер мен талапкерге, тапсырылғандығы туралы хабарландырумен бірге оның көшірмесін жібереді;
Сот отырысына келмеген тараптарға және іске қатысатын басқа тұлғаларға шешімнің көшірмелері шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, салып жіберіледі немесе беріледі.
Ақмола гарнизоны әскери сотының
бас маман - сот отырысының хатшысы Д.Мымбаева
[xfvalue_img]