Әкімшілік қадағалау жазалау емес

Әкімшілік қадағалау жазалау емес

Әкімшілік қадағалау барлық сотталғандарға белгіленбейді, тек үш субъектіге орнатылады, олар:

  • қауіпті қайталануы кезінде жасалған қылмыстары, терорристтік немесе экстремистік қылмыстары, кәмілетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін жазасын өтеген адамдарға;
  • ауыр және /немесе/ аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға және жаза мерзімі аяқталған кезде дәрежесіүшінші теріс мінез – құлықты сотталғандарға;
  • егер жазаны өтегеннен кейін ішкі істер оргнадарының ескертулеріне қарамастан қоғамдық тәртіпті, адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүддерлерінүнемі бұзса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса, ауыр және /немесе/ аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға белгіленеді. Бұл адамдар тізбесі толықболып табылады және кеңінен түсіндіруге жатпайды.

Әкімшілік қадағалауды жоғарыда аталған 1 және 2 субъектілерге – Қылмыстық – атқару жүйесі мекемесінен босатылған кезде мекеме бастығының дәлелді ұсынуы бойынша осы мекемеде орналасқан жердегі аудандық /қалалық/ соттың судьясы белгілейді.

Үшінші субъектілерге Қылмыстық кодекстің 79-шы бабына сәйкес соттылық мерзімі өтелгенге дейінполиция органы бастығының ұсынуымен тұрғылықты жері бойынша орналасқан аудандық /қалалық/ соттың судьясы белгілейді.

Әкімшілік қадағалаудың қолдану мерзімі «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» заңымен бекітілген, яғни әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінге мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық, тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазасын өтеген адамдарға қатысты ҚК-нің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін белгіленеді. Бұл жерде атап өтетін жайт, 2021 жылы заңға өзгерістер енгізіліп, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін жазасын өтеген адамдарға қатысты әкімшілік қадағалаудың қолдануылу мерзімі сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін  деп белгіленгеннен, алайда нормативтік қаулыда «бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге белгіленеді» деп өзгертілмей қалып қойған. Осыған аса назар аудару қажет.

Бас бостандығынан айыру органдарынан жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын  босатылған адамдарға, сондай – ақ өтелмеген жазасының бір бөлігі пробациялық бақылау белгілене отырып жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылған адамдарға қатысты әкімшілік қадағалауды белгілеуге болмайды. Осы адамдар ҚК-нің 79- бабына сәйкес жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі аяқталғаннан кейін және сотталғандығы өтелгенге немсе алынғанға дейін үнемі қоғамдық тәртіпті, адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған , өзге де құқық бұзушылықтарды жасаған жағдайда осы адамдарға қатысты әкімшілік қадағалауға белгіленуі мүмкін.   

Н.Ш.Бақытжан 

Орал қалалық соты әкімшісінің

бас-маманы сот отырысының хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.