Қылмысты жасырмау керек!
Қылмыстық істердің көпшілігі адам қылмыс туралы хабарлаған кезде қозғалады. Өкінішке орай, қылмыстар біздің өмірімізде жиі кездеседі. Сіздің қылмыстың құрбаны немесе куәгері болмайтындығыңызға ешкім кепілдік бере алмайды.
Қылмыс жасалғанын біле тұра құқық қорғау органдарына хабар бермегені үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 434-бабына сай жауапкершілік қарастырылған. Дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгiлi кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау – алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыс жасаған адамның жұбайы немесе жақын туысы, сондай-ақ дiни қызметшiлер тәубе үстінде өздерiне сенiп сырын ашқан адамдардың жасаған қылмыстары туралы хабарламағаны үшiн осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
Қылмысты жасырып қалғандардың да жауапкершілігі жоғары. Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмысты не кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу – алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер өзіңіздің немесе өзгенің қауіпсіздігіне немесе өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас аадмның рөлге отырғанын көрсеңіз, зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Осы қарым-қатынас арқылы біз құқық бұзушылыққа төбейтін және қауіпсіз қоғам құрамыз.
А.Ізбанова, Жаңақала аудандық сотының бас маманы, сот мәжілістерінің хатшысы.
[xfvalue_img]