Жоғарғы Сот сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді

Жоғарғы Сот сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді

◾️ Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы А.Нұрпейісовке қатысты қылмыстық істі қарады.
◾️ Сот үкімімен Нұрпейісов психотроптық заттарды өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз алу және сақтау бойынша кінәлі деп танылған(ҚК 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағы).
◾️ Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
◾️ Істі зерттей келе, алқа келесідей шешімге келді.
◾️ Нұрпейісовтің кінәсін дәлелдеу туралы қорытындыларға
куәгерлер З. мен С.-ның айғақтары, жеке тінту және сотталғанның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде куәгер ретінде қатысқандар, Нұрпейісовтің кінәсін мойындау туралы қорытындылар,
сот-медициналық сараптамалар негізге алынды.
◾️ Іс материалдарынан куәгер З.-ның бұрын полиция қызметкері болып жұмыс істегені, қылмыс жасағаны үшін сотталғаннан кейін пробациялық бақылауда болғаны анық.
◾️ Ал тергеу әрекеттеріне қатысқан полиция қызметкерлер З.-ның бұрынғы әріптестері болып табылады.
◾️ «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 4 нормативтік қаулысының 20-тармағына сәйкес, іске мүдделі адамдардың куәгерлер ретінде қатысуы (құқық қорғау органдары офицерлер, олардың тағылымдамашылары, құқық қорғау органдарында тағылымдамадан өтіп жатқан студенттер, сондай-ақ бұрын екі немесе одан да көп қылмыстық істер бойынша куәгер ретінде қатысқан адамдар («кезекші куәлгерлер”) қылмыстық қудалау органдарына тәуелді адамдар: жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, әкімшілік қадағалаудағылар және т.б.) тергеу әрекетінің хаттамасын дәлелдеме ретінде жол беруге болмайды деп тану үшін негіз болады.
◾️ Жақындаған кезде күдіктінің қолынан ұстап тұрғанын айтқан екінші куәгердің берген жауабы бағаланбай, кейін оны тінтуге кіріскен. Басқа да заң бұзушылықтар анықталды.
◾️ Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот алқасы сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.