Сотталған адамды қамаудан босатумен сот актілері өзгертілді
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы А.Демьяненкоға қатысты сот актілерін өзгертті.
Сот үкімімен Демьяненко ұрлық (ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылған.
Бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі ескеріліп, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Алқа істі зерделеп, мынадай қорытындыға келді.
Іс материалдарынан Демьяненко ұрлаған мүлік жәбірленушіге қайтарылғаны белгілі болды. Соңғысы сотталушымен татуласып, қылмыстық істі қысқартуды сұраған.
Бірінші сатыдағы сот істі тоқтатудан дұрыс бас тартқан, өйткені Демьяненко бұрын тараптардың татуласуымен жауаптылықтан босатылған болатын.
Бұл ретте, іс бойынша ҚК-нің 55-бабы 1-бөлігі 1) тармағының нормалары қолданылуға тиіс болатын, оған сәйкес ауырлығы орташа қылмыс жасаған және келтірілген залалды өтеген адам, егер санкция жазаның баламалы түрін қамтыса, бас бостандығынан айыруға сотталмайды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты кассациялық алқа Демьяненкоға ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түрінде, бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін ескере отырып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады және сотталғанды қамаудан босатты.
[xfvalue_img]