Алқабилер сотының ерекшелігі

Алқабилер сотының ерекшелігі

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.

Сот, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды. Оған: төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру; бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар; террористік және экстремистік қылмыстар; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар; қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда.

Істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы тиісті өтінішті күдікті қылмыстық іспен танысу барысында жасай алады, не сотталушы алдын ала жасалатын тыңдаулар барысында, яғни соттың негізгі талқылауы алдында өз өтінішін білдіреді.

Алқаби - соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы. Оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктер берілген және бір-бірімен тең мәртебеге ие.

         Алқабилер соты – бір төрағалық етуші судьяның, он негізгі және екі қосалқы алқабидің қатысуымен жүргізіледі. Алқабилер Қылмыстық-процестік кодексінің және «Алқабилер туралы» заңның аясында халықтың арасынан тиісті критерийлер бойынша іріктеліп алынады.

Кандидаттардың тiзiмдерiне енгізілмейтін адамдар: алқабилердiң тiзiмдерiн жасау кезiнде жиырма бес жасқа толмаған; өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар; сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар; судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi; психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар.

Бұл тізімге азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша сот iсi жүргізілетін тiлдi бiлмейтiн адамдар; өздерінің дене кемiстігі немесе психикалық кемiстiгi салдарынан алқабидiң мiндеттерiн атқаруға қабiлетсiз адамдар; алпыс бес жастан асқан адамдар; дiни қызметшiлер өздерiнiң жазбаша өтiніші бойынша алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiнен алып тасталады.

Ал Заңға сәйкес, алқабилердің құқықтары және мiндеттерi келесідей: Алқаби - өзінің iшкi нанымы бойынша iстiң мән-жайын өз бетiнше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға; процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға; заттай дәлелдемелердi, құжаттарды тексерiп қарауға, жердi және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуiндегi барлық басқа да iс-әрекеттерге қатысуға, сот отырысы кезiнде жазбалар жасауға құқылы.

Сонымен қатар, сот отырысында тәртiп сақтауға және төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға; алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн, сондай-ақ, егер сот отырысында үзiлiс жарияланған немесе істі тыңдау кейiнге қалдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге; сотқа келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, төрағалық етушiге келмеудiң себептерi туралы алдын ала хабарлауға мiндеттi.

Сот тергеуi аяқталғаннан кейiн алқабилер қатысатын сот тараптардың жарыссөзiн тыңдауға көшедi. Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады. Жарыссөздiң бiрiншi бөлiгi мемлекеттiк айыптаушының, жәбiрленушiнiң, қорғаушының және сотталушының сөздерiнен тұрады. Жарыссөздiң екiншi бөлiгi мемлекеттiк айыптаушының, сондай-ақ жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының және сотталушының сөздерiнен тұрады, оларда сотталушының әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдары баяндалады. Жарыссөздiң екiншi бөлiгi алқабилердiң қатысуынсыз өткiзiледi.

Жарыссөз аяқталып, сұрақтар тұжырымдалғаннан кейiн судья және он негiзгi алқабилер үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi. Кеңесу бөлмесiнде судья мен алқабилерден басқа, өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi.Төрағалық етушi алқабилер кеңесiне басшылық етедi, шешiлуге жататын сұрақтарды рет-ретімен талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс берудi және дауыстардың есебiн жүргiзедi.Төрағалық етуші айыптаудың мазмұнын келтіреді; қылмыстық заңның мазмұнын хабарлайды; мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушының ұстанымдарын баяндайды; бюллетеньдерді толтыру тәртібін, сондай-ақ жазалауды тағайындауға арналған дауыс беру тәртібін түсіндіреді. Негiзгi және қосымша сұрақтар бойынша дауыс беру жасырын және жазбаша жүргiзiледi. Судья мен алқабилердiң дауыс беру кезiнде қалыс қалуға құқығы жоқ және олардың дауыстары тең.

Алқабилердің кәсіби соттардан айырмашылығы, олар арнайы білім, теорияға сүйенбей-ақ, істі мәнісі бойынша өмірлік тәжірибеге сүйеніп шешуге тырысады. Олар қоғам мен қарапайым халыктың мүддесін қорғайды және адамгершілік, ар-ождан, мораль, тәжірибеге сүйеніп шешім қабылдайды.

            Алқабилер сотын енгізудің ең басты мақсаттарының бірі – ол халық пен биліктің арасын жақындату болып табылады, яғни алқабилер соты – қайырлы, құқықтық мемлекетіміздің бір кепілі.

Н.К.Мажитова 

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық 

істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Әкімшісінің

сот отырысының бас маманы – хатшысы

                                               

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.