Алқабилер соты

Алқабилер соты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 15 қазандағы №674 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында сот төрелігі хақында ауқымды-ауқымды мәселелер нақтылы түрде атап көрсетілсе, Елордада өткен судьялардың кезекті VIII сьезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы сот төрелігінің әділ және заңды жүзеге асырылуына мемлекет те, бүкіл қоғам да мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ Ел Президентінің биылғы  «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында алқабилер сотына баса мән беріп «Қазақстанда алқабилер  тек аса ауыр қылмыстар бойынша үкім шығарады. Біз бұл саланы одан әрі дамытып, алқабилердің қарауына  берілетін істер санатын кеңейтеміз. Бұл жаңашылдық  сот жүйесін демократияландыруға және қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік береді»-деді. 

Осынау жаңғыртылған реформалардың нәтижесіне соттың ашықтығы мен қолжетімділігін жаңа бір сатыға көтерді. Атап өтерлігі «Сот кабинеті», «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Фронт-кеңселер», құқықтық қызмет көрсету орталықтары мен медиация кабинеттерінің ашылуы, «Түнгі сот» пен «Татуласу: сотқа дейін,  және сотта» - атты іргелі жобаларымен бірге орны бөлек Ұлы даланың құқық жүйесінің құрылымдылық сипатындағы «Алқабилер» сотының қызметтерін жүзеге асыру қағидалары көкейден шығып, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 «Алқабилер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы қылмастық іс жүргізу кодексінде алқабилерді іріктеу шарттары мен тәртібі егжей-тегжейлі сипатталып, «Ұлы Даланың әдет – ғұрып жүйесінің құрылымдық негізін Жаңарған Қазақстан қоғамында берік қалыптастыруға негіз қаланып отыр.

Мәселен, 27.12.2019 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданып, жаңартылған бағыттағы реформалар дүниеге келді. Осы жерде бір айта кетерлігі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап сот:

1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;

2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;

3) террористік және экстремистік қылмыстар;

4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;

5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.

Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 125 бабы 3 бөлігі 1 тармағымен, 128 бабы 4 бөлігі 1 тармағымен, 132 бабы 5 бөлігімен, 135 бабы 4 бөлігі 1 тармағымен, 160, 163, 164 бабы 2 бөлігі, 168, 380-1 бабы 2 бөлігі 6 тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істері де айыпталушының өтініші бойынша алқабилердің қатысуымен қаралу мүмкін. Осы заңға 2021 жылы түзетулер енгізілді, оған сәйкес кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы аса ауыр қылмыстар істері қазірдің өзінде алқабилердің құзыретіне жатпайды.

 Республикада соттылығына аса ауыр қылмыстар, жекелеген санаттар бойынша қылмыстық істерді алқабилер қарайтын қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттар жұмыс істейді. Алқабилер алқасының міндеті - сотталушының кінәсі немесе кінәсіздігі туралы шешім қабылдау. Алқабилердің үкімі негізінде судья айыптау немесе ақтау үкімін шығарады.

Істер бойынша алқабилердің қатысуымен іс жүргізу қылмыстық процестік кодексінің 14 бөлімінде қамтылған.

Заң талаптарына сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзудi осы бөлiмде көзделген қағидаларға сәйкес жүзеге асыру күдіктінің, айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхаты бойынша жүргiзiледi. Егер iс бойынша бiрнеше адам айыпталса, егер олардың ең болмағанда бiреуi қылмыстық iстi алқабилердiң қатысуымен қарау туралы өтiнiшхат мәлімдесе, соттың оны алқабилердiң қатысуымен қарауы барлық сотталушыларға қатысты осы бөлiмде көзделген қағидалар бойынша жүргiзiледi.

«Конституциялық реформа Жаңа Қазақстанның саяси-құқықтық негізі ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам алдындағы саяси реформаларды жүзеге асыруға қатысты шешім қабылдауы батыл қадам. Ата Заңымызда еліміздің алтын қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені айшықталған. Сондықтан жоғарыда сөз болған «Алқабилер туралы» Заңдағы өзгерістер әр азаматтың құқығын әділ қорғауды мақсат етеді. Демек, аталмыш заңның қағидаларын түсіндіру, жұртшылыққа дер кезінде жеткізу біздің сот мамандарының басты міндеті ретінде жұмыстана беретін боламыз. Өйткені, «Алқабилер туралы» Заң заман талабы. 

Жандос Баибергенұлы Каримов, 

Шыңғырлау аудандық соты әкімшісінің басшысы

  

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.