Мемлекеттік тілді қолдану, дамыту бойынша» семинар.
Ақжайық аудандық сотының мамандары арасында мемлекеттік тілді қолдану, дамыту мәселесі бойынша семинар сабағы өтті.
Шара барысында құжат айналымындағы кіріс, шығыс және ішкі құжат бойынша мемлекеттік тілді қолдану тәртіптері талқыланды.
Кеңсе меңгерушісі А. Нұрым мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастар, оның ішінде заң шығару, сот ісін жүргізу, іс қағазадарын жүргізу саласындағы ролін, мемлекеттік тілді қолдануда тіркеу, қабылдау, құжаттарды жасау, ол мекеменің қызметінің көрсеткіші сондықтан іс қағазадарының сапасы, сауаттылығы маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар сот саласында мемлекеттік тілді қолдану аясының ерекшеліктерін, сот іс қағаздарын жүргізуде сақталатын заңдылықтар мен құжатты жасауда қойылатын талаптарды, сөз қорын дұрыс пайдалану тәртіптерін орындауды айтып жеткізді.
Шараға қатысушылар тілге қатысты мәселелермен пікір алмасып, мемлекеттік тілді қолдану тәртібін назарға алды.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақмарал Нұрым.
[xfvalue_img]
7 пікір