Жемқорлықтың жолын кесу баршамыздың міндетіміз

Жемқорлықтың жолын кесу баршамыздың міндетіміз

Заңға да, өмірлік заңдылықтарға да бағынғысы келмей, өз пайдасын ғана ойлайтындар қоғам мүддесіне нұқсан келтіріп, мемлекеттік биліктің беделін төмендетіп жүр. Олай дейтініміз, бүгінде жоғары билікке ұмтылған адамдардың басым көпшілігі мемлекеттің мүддесінен гөрі өз пайдасын көбірек ойлайтынын қоғамда болып жатқан оқиғалардан көбірек біліп жүрміз. Өз пайдасын ойлайтын адамдар небір түрлі құйтыртқы әрекеттерге барып, өзінің жеке басы үшін лауазымдық әрекеттерін теріс пайдаланып бюджет қаржысын оңды-солды шашып немесе заңсыз әрекеттерге барып жатырғаны жасырын емес.

Көптеген елдердің тəжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсыздық сияқты əрекеттермен жиі ұшырасатындығын байқатып отыр.

Бүгінгі таңда лауазымды адамдар мен оған теңестірілген адамдар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, пайдакүнемдік мақсаттары үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруде. Осының салдарынан сыбайластық мемлекеттің дамуына, мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіріп, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу, оған қарсы тұру және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізуі, яғни жемқорлықпен күресіп жұмыстар жүргізуі - жалпыға ортақ міндет. Жемқорлыққа қарсы тұру әр адамның парызы, ал адал еңбек, адал табыс адамға тыныштық береді. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние- байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің бағдары іспеттес.Қоғамға зиян тигізуші іңдеттен аулақ болайық. Жемқорлықтың жолын кесу баршамыздың міндетіміз.

Жанна-Мари Вебер

Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы                                                                                        

Батыс Қазақстан облысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.