Жемқорлыққа жол бермеу
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы күрес шараларына аса маңызды көңіл бөледі. Әлеуметтік саланы дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында ел еңсесін көтеруіне кедергі болатын құбылыстарды жою барша қазақстандықтардың міндеті. Жемқорлыққа жол бермеу үшін Баршаңызға белгілі, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық бір-бірімен мүлде сыйыспайтын түсініктер. Өкінішке орай, арамызда мұны түсінбей жүрген, не түсінгісі келмей жүрген азаматтар баршылық.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия» қабылданған болатын. Заңға да, өмірлік заңдылықтарға да бағынғысы келмей, өз пайдасын ғана ойлайтындар қоғам мүддесіне нұқсан келтіріп, мемлекеттік биліктің беделін төмендетіп жүр. Алдағы уақытта қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсатта қолдануға мүмкіндік бермейтін шаралар жасалады. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің тек кірістерін ғана емес, шығыстарын да декларациялау болмақ. Бұдан әрі мұндай декларациялау халыққа да қолданылмақ. Бұл жағдайлар өз кезегінде мемлекеттік қызметте заңдылықты сақтауда және ашықтықты қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған 5 институционалды реформа да, оны толыққанды жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның жемқорлықты жоюға мүмкіндігі мол. Бұл құжат баршаңызға жаңа көзқарас қалыптастырады. Ұлттық жоспар саналатын 100 нақты қадамның әуелгі 15 қадамы түгелдей дерлік мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге, сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған. Ел Президенті Н.Назарбаев «Мемлекеттік қызмет өкілеттігін жеке мақсаттарға пайдалану тиімсіз әрі мүмкін емес болатындай жағдайлар жасалуы керек» деп тапсырма берді. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жоспарланған іс-шараларға формалды емес, тыңғылықты көзқарас қалыптасқан жағдайда ғана белгіленген жұмыстар нәтижелі болады деп сенемін.
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы А.Е.Аралбаева
[xfvalue_img]