«Мемлекеттік тілді дамыту»

«Мемлекеттік тілді дамыту»

Тәуелсіздік алғалы сот жүйесінде тың бастамалар жүзеге асырылып, жауапкершілік арта түсті. Конституция бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар, ол – қазақ тілі.Тіл туралы заңның талабына орай елімізде сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда ғана сот ісінде орыс немесе өзге тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Заңға сай, сот ісі талап-арыз берілген тілде жүргізіледі. Егер іс жүргізу тілін білмейтін немесе жақсы білмейтін іске қатысушы болса, олар сотта аудармашымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайларда соттарда мемлекеттік тілде қаралатын істер санының артуына жаппай жұрт болып атсалысуды қажет ететінін көрсетеді.

Республикамызда мемлекеттік тілді дамыту мақсатында барлық жағдай жасалынуда. Тіл мен ұлт – егіз ұғым. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуынада себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Ұлт ұстазының бұл сөзі – ешқашан мәнін жоғалтпайды. Демек, Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің мәртебесін көтеру әрбір азаматтың борышы.

Қазіргі уақытта сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл біздің бір күндік немесе бір кезеңдік іс-шара ғана емес, тәуелсіздігіміз тұғырлы болу жолындағы негізгі бағыттардың бірегейі болуы тиіс. Сонда ғана діттеген межеге бұрын келеріміз анық.

Тіл ұлт пен ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы.Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, рухани мұрамызды сақтау, біздің ұлттық тіліміз - бұл барлық халықтың құндылығы болып табылады. Мәселен, Мұғалжар аудандық сотында қаралатын істердің біршамасы қазақ тілінде қаралып жатыр. Және Қазақстан Республикасының қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуі мемлекеттiк тiлде жүргiзiліп, қажет болған жағдайда орыс тiлiнде немесе басқа тiлдер де мемлекеттiк тiлмен тең қолданылып келеді.

Мұғалжар аудандық сот

әкімшілігінің басшысы А.Т.Иманбекова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.