Сыбайлас жемқорлық - қазіргі заман дерті
Сыбайлас жемқорлық — қазіргі заман дерті, ғасыр ағысымен бірге өсіп-өркендеп, қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық тек қана экономика саласында ғана емес, мәдениет және спорт, білім салаларында да жемқорлықтың өрті шарпып тұр. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тарихы 1992 жылы «Қылмыстың ұйымдасқан түріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 17.03. 1992 ж. № 684 Жарлығынан басталған. Сол уақыттан бастап жемқорлыққа қарсы жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, оқушылар мен студенттер және де түрлі салада жұмыс атқаратын қызметкерлер арасында сауалнамалар мен семинар-тренингтер, мемлекеттік мекемелерде дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, қоғамда БАҚ өкілдерінің көмегімен «Жемқорлық және оның салдары» туралы үгіт-насихат жұмыстары кең ауқымда қамтылды. Яғни, мемлекеттік мекемелер мен көшелерде жемқорлыққа қатысты банерлер ілініп, қоғамдық көліктерде видеороликтер халық назарына ұсынылды. Жемқорлықтың құрығына түсетін де, оның көзін құртатын да халық. Сондықтан, парақорлық дертін жоюда халық, қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
С.Танатарова, Жаңақала аудандық сот әкімшісінің бас маманы.
[xfvalue_img]