Сот көп балалы ананың тұрғын үйге құқығын қалпына келтірді
◾️ 2016 жылы атыраулық 7 баланың анасы тұрғын үй комиссиясының шешімімен «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санатына жатқызылып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж азаматтарға баспана алу кезегіне қойылған.
◾️ Алайда, 2 жылдан кейін тұрғын үй комиссиясы көп балалы ананы Атырау облысы Мақат ауданында күйеуінің атына тіркелген үйін алға тартып, кезектен шығарған.
◾️ Әйел Атырау облысы МАӘС-на Мақат ауданы әкіміне және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өзіне қатысты хаттамалық шешімнің бір бөлігін заңсыз деп тану және «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санатындағы әлеуметтік қорғалатын осал топтарға жататын тұрғын үйге мұқтаж ретіндегі бұрынғы кезегін қалпына келтіруді міндеттеу туралы талап қоюмен жүгінген.
◾️ МАӘС-ы істі зерттей келе, талап қоюшының көп балалы ана екенін, «Алтын алқа» алқасымен марапатталғанын және оның отбасы «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санатындағы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын анықтады.
◾️ Сот талап қоюшының отбасымен бірге тұратын үйі Мақат ауылынан 22 шақырым жерде орналасқандықтан мүмкіндігі шектеулі баланы үйде оқыту үшін облыс орталығынан пәтер жалдауға мәжбүр болғанын ескерді.
◾️ “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 73-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес «Алтын алқа» алқасының иегері мемлекет есебінен тұрғын үй алғанға дейін есептен шығаруға жатпайды.
◾️ Осыған байланысты МАӘС-ы талап қоюды ішінара қанағаттандырды.
◾️ Бөлімнің талап қоюшыға қатысты хаттамалық шешімінің бір бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылды.
◾️ Сот Бөлімге талап қоюшыны бұрынғы кезекте – «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санатындағы халықтың әлеуметтік осал топтары тізіміне қалпына келтіруге міндеттеді.
◾️ Жоғарғы Сотттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жергілікті соттардың қорытындысымен толық келісіп, жауапкерлердің кассациялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
[xfvalue_img]