Әкімшілік сот "толық емес отбасы"санатындағы тұрғын үй құқығын қалпына келтірді
2021 жылғы 6 қазанда Қостанай облысының МАӘС мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша әкімшілік іс қаралды.
Мемлекеттік органның кезектен шығару жөніндегі іс-әрекеттерін сот заңсыз деп таныды. Талапкердің талаптары ішінара қанағаттандырылды. Сот уәкілетті органды талап қоюшы мен оның отбасы мүшелерін мемлекеттік тұрғын үй қорынан "толық емес отбасы" санаты бойынша тұрғын үй алуға кезекте қалпына келтіруді міндеттеді.
Сот шешімі талапкерді тұрғын үй алуға мұқтаж ретінде есепке қою туралы тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасының болуына қарамастан талапкердің кезектен заңсыз шығарылғанымен уәжделді.
Мемлекеттік органның атына азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеу туралы жеке ұйғарым шығарылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облысының МАӘС
[xfvalue_img]
8 пікір