Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық соты жаңа ғимаратқа көшті

Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық соты жаңа ғимаратқа көшті

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим ауылындағы аудандық сот жаңа ғимаратқа көшті.

Салтанатты ашылу рәсімін Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров пен Солтүстік  Қазақстан облыстық сотының экс-төрағасы, отставкадағы судья Ербол Жанғазин өткізді.

Іс-шараға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.

Аудандық соттың судьялары мен қызметкерлері жарты ғасыр бұрын салынған апатты ғимараттан 1,2 мың шаршы метрлік екі қабатты жаңа ғимаратқа көшті.

Қоныс тойымен құттықтаған Н.Ахметзакиров сот ғимараты заманауи стильде, сот төрелігін жүзеге асыру талаптарына сай салынғанын және ауданның басқа да әкімшілік ғимараттары мен скверіне жақын орналасқанын атап өтті.

Бұл сотқа келушілер, судьялар мен сот қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасайды.

Облыстық соттың алқа төрағасы Алмаз Ибраев, облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев және облыстық соттың бұрынғы төрағасы Ербол Жанғазин жаңа ғимарат аудан орталығының сәулеттік көркіне айналғанын және бұл қоныс тойын маңызды оқиға деп бағалады.

Олардың айтуынша, жаңа ғимаратта сот процесіне қатысуға, сот ақпаратын жылдам әрі толық алуға барлық жағдай жасалған.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Манас Борашев қонақтарға сот ұжымын таныстырып, ғимаратқа экскурсия жүргізді.

Іс-шараға қатысушылар соттың фронт-офисін, сот отырысы өтетін залдарды, конференц-залды, судьялар мен мамандардың кабинеттерін аралап көрді.

Ғимаратқа күзет және дабыл жүйелері, кабельдік және телекоммуникациялық желі, бейнебақылау орнатылған.

Мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз кіруі үшін арнайы жағдайлар қарастырылған.

*

Мемлекет басшысының сот инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Сот әкімшілігі жаңа сот ғимараттарын салу және қолданыстағы ғимараттарды жөндеуден өткізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Соңғы жылдары елде 30-дан астам сот ғимараты салынды. 2024 жылы республикалық бюджет есебінен Түркістан, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы соттар жаңа ғимаратқа көшті.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Атырау, Батыс Қазақстан облысы және Павлодардағы сот ғимараттары салынды.

Жыл соңына дейін тағы 3 сот ғимаратының құрылысы аяқталады. Семей және Батыс Қазақстан облысының соттары жаңа ғимараттарға көшеді.

Биыл 80-нен астам сот ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Жетісу (1), Алматы (1) және Батыс Қазақстан облыстарындағы (2) соттарды жөндеу жоспарланып отыр.

Бұл шаралар азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттыруға оң ықпал етуде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.