Рустем Мырзакәрім Батыс Қазақстан облыстық сотының  төрағасы болып тағайындалды

Рустем Мырзакәрім Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

 

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абдрашид Жукенов өңірдің судьялар корпусына Батыс Қазақстан облыстық сотының жаңадан тағайындалған төрағасын таныстырды. Оған бұрын Жамбыл облысының төрағасы қызметін атқарған Рустем Мырзакәрім тағайындалды.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, сот алқаларының төрағалары мен облыстық соттың судьялары, облыс судьялары және сот қызметкерлері, сонымен қатар, өңірдің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

 «Рүстем Мырзакәрiмұлы кәсіби судья, тәжирибелі басшы. Бірқатар өңірлерде алқа төрағасы болып еңбек етті. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Жамбыл облыстық  сотының төрағасы болды», - деп атап өтті А.Жукенов.

А.Жукенов Б.Әметовтың сот төрелігінің сапасын арттыруға және сот беделін нығайтуға үлкен үлес қосқанын айтып өтті.

Бұған дейінгі Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы болып тағайындалды.

Одан әрі А.Жукенов кеңес өткізді, оның барысында өңірдің судьялар корпусын заңдарға енгізілген түзетулерге, сот төрелігін іске асыру сапасын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, судья әдебі нормаларын сақтау және электрондық сот төрелігін дамыту мәселелеріне назар аударды.

Қорытындылай келе, ол судьялар корпусының алдына Жоғарғы Соттың пилоттық жобаларын іске асыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.

 

Тегтер: Рустем Мырзакәрім Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

Анықтама үшін:

Мырзакәрім Рустем Мырзакәрімұлы 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірді.

2002 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің құқықтану магистрі дәрежесін алды.

1998-1999 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының жанындағы ҚСжАО бөлімі прокурорының міндетін атқарушы.

1999-2000 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі.

2000-2001 жылдары Алматы қаласының Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі.

2001-2002 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау басқармасының прокуроры.

2002-2003 жылдары Алматы қаласы Прокуратурасының прокурорының аға көмекшісі.

2003-2004 жылдары - Алматы қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы.

2005-2007 жылдары Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

2007-2010 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы.

2010-2012 жылдары ҚР Әскери сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2012-2013жылдары Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2013-2015 жылдары Алматы қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін - Жамбыл облыстық сотының төрағасы.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.