Жаңа заңның талабы қатаң

Жаңа заңның талабы қатаң

2024 жылы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Басты мақсат – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген әрекеті үшін жауапкершілікті күшейтуге, отбасын нығайту, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатын. Бұл заң әйелдердің озбырлықтан арылуына, қысыңқы қарым қатынастан шығуға көмектесіп, еркін өмір сүруге, өз құқығын толыққанды білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

Жаңа заң шеңберінде әйелдер мен балаларға қатысты олардың денсаулықтарына бірнеше рет ұрып-соғу және зиян келтіру фактісі тіркелсе, медиация қарастырылмаған. Сонымен қатар денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Қасақана ауырлығы орташа және денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң әйелдерге қатысты зорлық көрсетіп, денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұрын айыпталушының бостандығы шектелмеуші де еді.

Қылмыстық кодекске жаңадан 108-1- бабы енгізіліп, денсаулыққа жеңіл зиян келтіретіндерге де жаза күшейтілді. Қылмыскерге 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулік қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Заңға сәйкес әкімшілік іс саналатын отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары қылмыстық кодекспен қаралып, іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет етілмейтін болды. Полиция қызметкерлері фото-видео айғақтар мен көрші, туыстарының сөзіне сүйеніп, тергеу жүргізе алады. Әрі тараптарға екінші рет татуласуға мүмкіндік берілмейді. Бас бостандығынан шектеу жазасы да қарастырылмайды.

БҰҰ-ның өзі егер серігің  сені төмен санап, мазаққа айналдырса, өз бетіңше шешім қабылдауға жол бермесе, қорқытып-үркітіп дегенін жасатса, өз қалауын, наным-сенімін саған тықпаласа, достарың мен туыстарыңмен араласуға тыйым салса, одан қорқып өмір сүрсең отбасындағы зорлық-зомбылық белгісі ретінде қарастырады. Мұндай әрекеттердің соңы күш көрсетіп, кісі өліміне әкеп соғуы мүмкін.

Азаптау үшінде жаза қатаң, енді екі жылдан үш жылға дейін, ауырлататын мән-жайлар болса 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Кәмелетке толмағандарды өлтіргені, зорлағаны, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі ең ауыр жаза қарастырылған.

Жаңа заң нормалары мектептердегі қорлаумен заманауи тілде кибербуллингпен күресуге де бағытталған. Кәмелетке толмаған баланы қорлағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. Бұл әрекет үшін ескерту, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылды. Қайта қорқытқаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Егер бұл әкімшілік құқықбұзушылықты 12 -16 жас аралығындағы балалалар жасаса, ескерту жасауға немесе ата-анасына 10 АЕК мөлшерінде аыппұл төлейді. Бұл өзгеріс құрдастарын, сыныптастарын қорқытатын балалардың ата-аналары үшін жауапкершілікті көздейді және олардың тәрбиесіне мән беруге бағытталған.

Меңдіғали Бақтығұлов, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық сотының төрағасы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.