Зорлық- зомбылыққа – жаза қатаң
2024 жылдың 15 cәуірде Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойған болатын.
Аталған заң тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған, нақты айтқанда, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді. Сондай-ақ заң бойынша отбасы институтын нығайту мақсатында адам денсаулығына жеңіл түрде зақым жасалғаны үшін жаза қатаңдатылды. Яғни, бұрын ұрып-соғу және денсаулықа жеңіл зиян келтіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сай әкімшілік жауапкершілік қарастырылған болса, ендігі жерде бұл баптар әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке ауыстырылып, Қылмыстық кодекс 108-1 және 109-1 баптармен толықтырылды.
Аталған санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық бойынша Казталов аудандық сотымен ҚК-нің 109-1 бабының 1-бөлігі (тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау) бойынша қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдарына сай, сотталушы Б. өзінің тұрғын үйінде, алкогольдік масаң күйде, заңды некедегі жолдасының айтқан ескертулеріне ренжіп, қол жұмсап, күш келтірген. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің бетінде жарақаттар және қанталанулар болған.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Жәбірленуші сотталушыға тиісті жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы ҚР ҚК-нің 109-1 бабының 1- бөлігі бойынша кінәлі деп табылып, оған 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
БҚО Казталов аудандық соты
әкімшісінің басшысы Қаженов Руслан Сайфетдинұлы
[xfvalue_img]
4 пікір