Көлік жүргізушілердің жол ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жаза
Көлік жүргізушілерінің өз міндеттеріне салғырт қарауынан, жол ережелерін бұзуы абайсызда жасалатын құқықбұзушылық болып табылаты.
Ол ең алдымен, адам өмірі мен денсаулығына, сонымен қатар,моральдық және материалдық зардаптарға әкеліп соғады. Құқықтық сауаты күннен күнге жоғарылап жатқан азаматтардың жауаптылығын арттырып, жолдағы жүгенсіздікті тию үшін, қоғамдағы қозғалыстың ең негізгі бөлігі болып табылатын жүргізушілерге қатысты заңнама талаптарының қатаюын уақыттың өзі талап етіпо тыр. Осыған орай, 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданып, 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген болатын.
Бұл заң қылмыстық сот ісін жүргізуді және ең алдымен, қылмысқа қарсы күрес саясатын тұжырымдық тұрғыдан жаңғыртуды, адам құқықтарын қазіргі қылмыс дәрежесіне сай қарсы әрекет жасай алатындай деңгейге көтеруді көздейді. ҚР Қылмыстық кодексімен алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын жүргізетіндердің жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұза отырып, абайсызда денсаулыққа зиян келтiргені, адам өліміне, екі немесе оданда көп жанның өліміне соқтыратын іс-әрекеттер жасағаны үшін жаза барынша қатайтылды.
Кез келген рөлге отырған адам өз өмірі үшін ғана емес, өзгелердің өмірлері үшін де жауапты екендіктерін түсінулері және айналасына құрметпен жанашырлықты қалыптастырудың қажеттілігі туындап отыр.
С.М.Турумов
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының
жетекші маманы
[xfvalue_img]