Автокөлікті масаң күйінде басқарған жүргізушілерге жаза күшейтілді
2019 жылдың 27 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойып, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстеріне көліктегі, жол шаруашылығындағы, жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұл заңға сәйкес жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы бойынша жаза қатаңдатылған.
Аталған санатындағы құқық бұзушылық бойынша Казталов аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, құқық бұзушы 13 қаңтар 2020 жылы Казталов ауылы А.Оразбаева көшесінің бойында көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, Қазақстан Республикасы жол жүрісі Қағидасының 2-бөлімі 4-тармағы 2-тармақшасының талаптарын бұзған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.
Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Каженов Руслан Сайфетдинович
[xfvalue_img]
25 пікір