Халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру – ең басты міндет

Халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру – ең басты міндет

Еліміздің тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыру және жетілдіру бағытында көптеген батыл қадамдар жасалып, игі бастамалар қолға алынды, бұрын-соңды болмаған және көптеген елдерде іске аспаған жаңалықтар енгізіліп, үлкен  маңызды шаралар жүзеге асты. Дегенмен ұршықтай айналған уақыт бір орнында тұрмайды, заман өзгерді, сол себепті бұл бағытта атқарылатын іс-шаралар, өз шешімін таппаған өзекті мәселелер, технологиялардың  дамуына және халықтың құқықтық біліктілігі деңгейінің өсуіне байланысты жаңадан пайда болған мәселелер әлі де болса бар.

Елбасының тапсырмасымен бірқатар нақты міндеттер алға қойылды, дауларды шешудің баламалы әдісі, яғни, медиация институтын дамыту тапсырылды. Қазіргі таңда бұл тапсырма кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нақты шешімін  тапқанына бәріміз куә болып отырмыз. Өңірлерде медиация саласын дамыту, жандандыру мақсатында медиация кабинеттері ашылып, халыққа кеңінен қызмет жасалуда. Екі жақты келісетін шешім қабылдануы мүмкін істерді қараудан соттар біртіндеп босатылды.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген Қылмыстық процестік кодексте жаңа процестік тұлға -  тергеу судьясы институты туралы норма енгізілді.

Жаңа кодекстің қабылдануы сот билігінің дамуы мен нығаюының, сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттырудағы, елімізде тәуелсіз  және адамгершілік  жағынан мінсіз сот корпусының қалыптасуының кепілі. Судьяның қызметі үнемі халықтың назарында болғандықтан, судьялардың жүріп-тұруы жоғары моральдық әдеп талаптарға сай болуы қажет.

Судьялардың әдеп кодексі судьялардың моральдық оң бейнесін қалыптастыруға, сот әділдігі сапасының көтерілуіне, заңды және негізді шешімдердің қабылдануына, сот актілері сапасының жоғарылауына, нәтижесінде сот жүйесі имиджінің артуына ықпал  етеді деп сенеміз.

Ата-бабаларымыз «Елге – бай емес, би құт», «Әділ бидің елін дау араламайды» деген. Өткен ғасырдың ұғымымен айтатын болсақ, қазіргі судья – кешегі би. Судьялардың тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы рөлі мен маңызы зор, тиісінше халық алдындағы сот билігінің беделін, халықтың сот жүйесіне деген сенімін, сот қызметінің сапасын көтеруіміз қажет. Бұл барлығымыздың ортақ мақсатымыз.

Әрбір судья ел және қоғам алдындағы өзінің ерекше жауапкершілігін толық көлемде  түсінуі қажет. Өз кезегінде сот қауымдастығы еліміздің алдында тұрған құқықтық мемлекет қалыптастыру мақсатына жету жолында бар күш жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсай бермек.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.К. Ахонова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.