Сот кабинеті сервисі –қылмыстық  істер бойынша электрондық арыздарды, өтінішхаттарды және шағымдарды беру тиімділігі

Сот кабинеті сервисі –қылмыстық істер бойынша электрондық арыздарды, өтінішхаттарды және шағымдарды беру тиімділігі

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес сот жүйесінің қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды еңгізудің қажеттілігі туындады. Осы мақаланы жазудағы мақсатым - бүгінгі таңда халыққа қолжетімді бола бастаған сот саласындағы жаңа технологиялардың қызметтері туралы ақпараттандыру.

2014 жылдың 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» атты жаңа электронды сервистері іске қосылды.

Бұл «кабинет» – сот құры­лымында қолға алынған заманауи технологияның бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақ­сатында жасалып отыр. Осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өті­ніш беруге, мемлекеттік баж салы­ғын онлайн режімде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісі­не қатысты барлық құжатты қада­ғалап отыруға болады.

Сот кабинетінің мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүм­кіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. IOS мобильдік плат­формасындағы «Сот каби­не­ті» мобильдік қосымшасы –  IOS, Android  және Windows Phone мобильдік қосымшасы сер­вис­терінің интерфейстерін сипаттайды.

Пайдаланушыларды мобиль­дік қосымшада тіркеу сервисінің веб нұсқасына қарағанда өзіндік артықшылықтары да бар. Тіркелу үшін пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, азамат өзі­нің ЖСН және ұялы теле­фон нөмірлерін көрсетсе де жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нө­ме­ріне қосымшаға кіру үшін хабарлама арқылы құпия сөз келеді.

Сонымен қатар осы сервисті пайдаланушыларға «көмек» көр­сету бағыты енгізілген. Онда сот кабинетін пайдалану бойынша нұсқаулық, сот кабинетімен жұмыс істеу жөніндегі анықтама, «Сот кабинеті» мобильді қо­сым­шасының пайдаланушы нұс­қаулығы және «Пайдалы сіл­темелері» сервисі ұсынылған. «Сот кабинеті» веб-нұсқасымен «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасында жа­­ңалықтар, істерді қарау тізімдері, тапсырылған құжаттар, хабарландырулар, сот процесі қатысу­шы­ларының күнтізбесі және чат сер­вистері үйлестірілген.

Сот кабинетінің мобильді қо­сым­шасындағы жаңалықтар сервисі істерді қарауға, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын, уақытын) онлайн режімде табуға; тапсырылған құжаттар сервисі осы қосымшаны пайдаланушыға мобильдік қон­дырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб-сер­висі арқылы жолданған барлық барлық құжаттарды көруге; хабарлау сервисі – пайдаланушыға сот органдарына берген сот құ­жат­тарының мәртебесін бақы­лап отыруға; сот процесі қаты­сушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге; чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бо­йынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот про­цесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау тура­лы өтініш, атқару парағының тел­нұсқасын беру туралы арыз, сот акті­лерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне жаңа технологияларды еңгізу, халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін жоғарылатып, құқықтық қоғамның мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына сот қызметі туралы жедел және ашық түрде ақпарат алуға мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Сот жүйесі үшін бұл – сот төрелігін іске асыру үрдісін жеңілдету, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және автоматтандыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сот Әкімшісінің сот отырысының бас маманы – хатшысы

Н.К.Мажитова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.