«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жұмысын насихаттау
«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында іске асырылуда. Бұл жаңа енгізілім сотқа арыздарды беру механизмін жеңілдетуге, азаматтардың уақытын үнемдеуге, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне, сонымен бірге сот іс жүргізудің электронды цифрлық қол таңба арқылы электрондық әрекеттесу бойынша жеңілдетуге бағытталған. Бұл «Сот кабинеті» сервисін іске қосқан сәттен бастап оның мүмкіндіктері тиісті түрде бағаланды: сервисті халық кең пайдалануда және адвокаттар мен кәсіпкерлердің тиімді жұмысына көмектесуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге және өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді. Негізінде, «Сот кабинеті» - сот құрылымында қолға алынған заманауи технологиялардың бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Дәл осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығын да онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне заманауи электрондық технологияларды енгізу халықтың сот төрелігіне қолжетімділік деңгейін елеулі түрде көтеруге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар сот кабинеті сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай ізденісті жалғастыра беру қажет деп ойлаймын.
Салаут Мәлік
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
бас маман - сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]