Апелляциялық сот алқасы тұтынушының құқығын қалпына келтіріп, шығындарды ескере отырып, автокөлік құнын өндірді

Апелляциялық сот алқасы тұтынушының құқығын қалпына келтіріп, шығындарды ескере отырып, автокөлік құнын өндірді

Азаматша Х. ЖШС-нен автокөлікті сатып алу-сату шартын бұзуды, автокөліктің шығынын ескере отырып, оның құнын өндіруді, оны есептен шығаруды және моральдық шығынды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Талапкердің талаптары оның құны қарыз қаражатына ішінара төленген автокөлікті сатып алуымен негізделген. Алайда, сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейін ол көліктің халықаралық іздеуде екенін және оған шектеу қойылғанын білген. Орал қаласының №2 сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Талапкер сот шешімімен келіспей, оған аппеляциялық шағым түсірген. Талаптан бас тарта отырып, бірінші сатыдағы сот мәмілені жасау және көлік құралын тіркеу кезінде оған ешқандай шектеулер болмағанын, ал құқық қорғау органдары бұл көліктің қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ұрланған көлігі болып табылатынын анықтамағанын атап өтті. Бұл ретте, АК-нің 413-бабының 1-тармағына сәйкес Сатушы Сатып алушы үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатып алушыға үшінші тұлғалардың кез келген құқықтарынан бос тауарды беруге міндетті.

Сатушының бұл міндеттемені орындамауы, сатып алушыға егер сатып алушының осы тауарға үшінші тұлғалардың құқықтары туралы білгені немесе білуі керек екендігі дәлелденбесе, тауар бағасын төмендетуді не шартты бұзуды және залалды өтеуді талап ету құқығын береді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жауапкердің АК-нің 413-бабының талаптарын бұзғанын, сондай-ақ талапкердің тұтынушы ретіндегі құқықтарының бұзылғанын көрсете отырып, апелляциялық сатыдағы сот  талапкердің талаптарын қанағаттандырып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертті. Талапкердің сатып алу-сату шартын бұзуды, шығындарды ескере отырып, автомобильдің құнын өндіріп алу туралы талаптарын қанағаттандыруды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талапты ішінара қанағаттандыру арқылы өзгертті.

Сонымен қатар, апелляциалық сот алқасы талапкердің шарт бұзылған сәттен бастап автокөлікті есептен шығару үшін уәкілетті органға өз бетінше жүгінуге құқылы екенін түсіндірді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.