Әкімшілік сот азаматтың құқығын қалпына келтірді
Талапкер 2015 жылғы 16 ақпандағы сатып алу-сату шартының негізінде көлік иеленеді, кейін оны сату үшін тіркеуші органға есептен шығару мәселесі бойынша жүгінгенде автокөліктің Ресей Федерациясында ұрлану фактісі бойынша іздеуде екенін біледі.
Қылмыстық істің қозғалуына байланысты, талапкерден көлік тәркіленді. Талапкердің көлік құралын сатушыға сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талабы бойынша азаматтық іс қарау соты талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарады және көлікті сатқан адамнан талапкердің пайдасына автомобиль құны мөлшеріндегі соманы өндіріп алды. Азаматтың "Қостанай облысының полиция департаменті" ММ процессинг орталығына көлік құралын есептен шығару туралы өтінішінен бас тартылады, бұл шешімге талап қоюшы қарсылық білдіріп, Қостанай облысының МАӘС жүгінді. Соттың 2021 жылғы 25 қазандағы шешімімен талап қанағаттандырылды. Бұл жағдайда, сот талапкердің көлік құралына меншік құқығынан айырылғанын және соның салдарынан тіркеуші органда талапкердің артында осы көлік құралын есептен шығару қажеттілігі туралы куәландыратын сот актілері болған кезде жауапкердің қолайлы акт қабылдау мүмкіндігі туралы қорытындыға келді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облысы МАӘС баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір