АТА ЗАҢ - АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ

АТА ЗАҢ - АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ

Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжат –Ата заңы. Осыдан 29 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп ұлтты халқы  өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екендігін танытты.

Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Ата заңы өмірге келді. Еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан»  деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат. Ата заңымыздың өзгешелігі Қазақстан Республикасының  тәуелсіз  дамуының мемлекеттік тұғырын, басқару тәсілін, билік тармақтарын бекітіп, «байырғы қазақ жерінде мемлекет құрылғанын» жария етті.Конституция  бізге, адамдық  қадір-қасиетімізге қол сұгылмауына, тілімізбен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен  тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік берді. Сондықтан құқықтық  мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі,Конституцияның мызғымас беріктігі, ұлттық идеологияның негізі және түп қазығы екенін мойындауымыз  керек.

Конституция  қабылданғаннан бергі уақыттағы тарихи өлшемдер біз үшін бүкіл өткен жолымызды таразылап, ой елегінен өткізуге толық мүмкіндік беретін белгілі бір үлкен кезең болып табылады. Ол Парламенттің рөлін көтеруді, оның үкіметке ықпал жасау және бақылау жасау тетіктерін жетілдіруді қамтамасыз етті. Елімізде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  дамуына ойдағыдай жағдай туғызылды. Сайлау жүйесін реформалау, саяси париялардың рөлін арттыруға бағытталған маңызды тарихи қадамдар жасалды. Қазіргі кездегі Қазақстан нағыз шын мәніндегі бірден бір  президенттік-парламенттік республикаға айналып отыр. Бұл істегі Конституцияның алатын орны мен ел өміріндегі атқаратын рөлі  уақыт  өткен   сайын тұғырлана  түсіп, әлеуеті ұлан-ғайыр бола түсуде.

Еліміздің осы негізгі Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Оның негізгі қағидалары  барлық халықаралық  стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың осы кезеңдердегі ең жетілдірілген үрдістермен үйлесім тапты. Мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту және экономикалық реформаларды жүргізудің басты құралына айналған Ата Заң адамдардың барлық азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасызете  отырып, олардың өздерінің мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызды. Осы арқылы қазірде бүкіл қылмыстық-құқықтық саясатты ізгілендіру үрдісі де жүзеге асырылуда.

Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек. Өйткені, Ата Заңымыз- Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы-шарттарын жасап берген жасампаз құжат.

Айгуль Туралиева

Ақжайық аудандық сотының жетекші маманы

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.