КОНСТИТУЦИЯ –ЕЛ ТІРЕГІ

КОНСТИТУЦИЯ –ЕЛ ТІРЕГІ

Әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар бойы  өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата заң біздің елімізде де, яғни  Қазақстан Республикасында да ел тәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды. Қазақстан Республикасы   өзінің демократиялы, зайырлы,  әлеуметтік мемлекет екенін Ата Заңы арқылы  да бүкіл әлемге  танытты. Қазақстан Республикасының Конституциясы егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне  жол ашқан заңнамалық акт болды. Ата Заңнын қабылдануы конституциялық құрылыстың саяси-құқықтық негізін қалады, мемлекеттік  тетік және қоғамдық, саяси жүйенің  негізгі қағидаттарын орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі. Конституция Қазақстан Республикасы  дербес мемлекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамадардың еркіне сәйкес  жасалды. Ата Заңның алғысөзінде «Біз ортақ тарихы бар, тағдыр біріктірген  Қазақстан халқы» деп жазылған сөйлемнің  мағанасының тамыры өте тереңде  екені  айтпаса да түсінікті. Бұл босқа жазыла салған сөз емес. Себебі Қазақстан халқының тарихи тағдырының бірлігі ел аумағында  көптеген ұлт өкілдерінің ұзақ уақыт  бойы ұлтымен бірге тұруы нәтижесінде  қалыптасты. Олар әр кезеңде әртүрлі себеппен біздің  атамекенімізге  қоныс аударды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін, елде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар егемен мемлекетті бір кісідей мойындады. Конституция  тек мемелекттің ғана емес, қоғам өмірінің  жол көрсетушісі - Ата Заңы болып табылады. Қазақстан халқы  мемлекеттік биліктің бірден –бір  қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын іске асырды. Мемлекет өмірінің аса маңызды  мәселелерін  талқылау және шешу  кезінде құқықтық санасы  жоғары  әрбір азамат Конституцияда көрсетілген жауапкершілікті  жан –жақты сезінуі қажет. Ата Заңымызды  құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай  сақтауымыз біздің барлығымыздың, яғни  Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың міндеті мен парызы. Дүние жүзіндегі  елдердің барлығында мемлекеттік  басқару тетігі  Конституция негізінде  және соның аясында  жұмыс істейді. Бұл кез келген құқықтық мемлекеттің басты өмірлік нормасы болып табылады. Негізгі заңды орындау арқылы мемлекет медициналық қызметті және білім беруді жақсарту, жаппай тұрғын үй құрылысы , жалақы және әлеуметтік төлемдер мөлшерін көбейту, азаматтарға және отандық кәсіпкерлерге салықты азайту сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуде.  Қазақстан  халқы  қабылданған Конституцияны  сыйлау, өздеріміз сайлаған Мемлекет басшысын  құрметтеу және отанды қорғау міндетімен ажырағысыз  болып  табылады. Мұның бәрі - азаматтардың  конституциялық міндеті. Дүниежүзілік тәжірибеде көрсетілгендей, басты байлық ретіндегі адамға  деген сыйластық, жеке  өмірі мен бостандығының қорғалуы, қоғам дамуының айқын көрінісі. Конституция- біздің саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік  экономикалық дамуымыздың қайнар көзі ретінде танылады. 

Жаңақала аудандық соты жетекші маман Н.Жакупова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.