Құқықтық мемлекеттің тірегі – Конституция

Құқықтық мемлекеттің тірегі – Конституция

Ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын нақты айқындайтын негізгі Заңы болуы шарт және ол заңның барлық тілдегі мойындалған атауы – Конституция.

Конституция – құқықтық мемлекет, заңның жоғары мәртебелілігі мен мызғымас беріктігін, ұлттық идеологияның негізі мен түп қазығы бола отырып, халқымыздың дербес ел болуды армандаған мүддесін, заң тілінде айшықтаған, жер шарына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен, елдігіміздің киелі кітабына айналған, қастерлі құжаты болып табылады.

Халқымыздың оны «Ата заң» деп ардақтауы бекер емес, себебі елдегі барлық заңдардың қайнаркөзі, бастауы және қалған өзге де заңдар, конституцияның негізінде, оған қайшы келмейтін жағдайда ғана қабылданады. Сондықтан, оның әрбір сөзін мүлтіксіз орындап, бұлжытпай сақтау, азаматтық қасиетті борыш болып саналады.

1993 жылы алғаш қабылданған Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы жекелеген өзгерістерге сәйкес болмай шығып, 1995 жылдың 30 тамызында тарихи шешім қабылданып, бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп ұлтты халқы, өзінің егемендік құқығын барша әлемге жария етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты елге айналып, Қазақстанның мемлекеттілігін айқындаған, Ата заң екі қайтара түледі.

Еліміздің осы Заңының негізгі қағидалары барлық халықаралық стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың осы кезеңдердегі ең жетілдірілген үдерістерімен үйлесім тапты. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік тәжін кигенге дейін қаншама тар жол, тайғақ кешулерден аман өткен халқымыз бен азаттықты аңсаған бабаларымызды еске алсақ, бүгінгі бейбіт күніміз бен туған тіліміздің өз тұғырында тұрғанына, біз шүкіршілік еткеніміз абзал. «Ең жақсысы қай конституция ?»,- деп ежелгі гректің заң шығарушысы Соломоннан сұраған кезде, ол: «Қандай халыққа және қай дәуір үшін, ең алдымен соны айтыңыз»,- деп жауап беріпті. Бұл сөз, қазір де өз маңызын жойған жоқ.

Конституциямызға берілген көптеген зерттеушілердің пікірлеріне сүйенсек, әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі ретінде мойындалғандығы, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуірге нық қадам басқан, Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.

Бейбітшілігіміздің бастауы, тәуелсіздігіміздің айғағындай болған Ата заңымыз, сан буын ұрпақ алмасса да ескірмейтін, ұлт пен ұлысқа бөлмейтін, адамның табиғи құқықтарын мойындап, оларды негізгі Конституциялық құқықтар мен бостандықтар шеңберінде бекітіп, Ата-заң оларды қорғау механизмін жақсы қамтамасыз етті. Сондықтан да, жоғарыда тілге тиек еткендей, «Құқықтық мемлекеттің тірегі – Конституция» деп, біз бек сеніммен айтуымызға толықтай негіз бар.

Ақтөбе гарнизоны әскери соты кеңсесінің бас маманы

Құралай Қувандикова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.