Алқабилермен кездесу
Ақжайық аудандық сотының ғимаратында алқабилермен кездесу өтті.
Іс-шараны ашқан Ақжайық аудандық сотының судьясы Г.Сагитова қатысушыларға кездесудің мақсатын айтып өтті. Сонымен қатар, судья өз сөзінде «Алқабилер туралы» заңға назар аудартып, заң 2006 жылы 16 қаңтарда қабылданғанмен 01.01.2007 жылы қолданысқа енгізілгенін, заңның негізгі ұғымдарын, алқабилердің мәртебесі, алқабидiң құқықтарымен мiндеттерi және iстi қарауға байланысты iс-әрекеттерiндегi шектеулері, азаматтың алқаби мiндеттерiн атқару тәртiбi мен мерзiмдерi, алқабидiң еңбегiне ақы төлеу, алқабиге кандидаттар мен алқабилердiң шығыстарын төлеу, алқабилердiң еңбек қатынастарындағы кепiлдiктерi туралы заңда көзделген негіздерін айтып түсіндіріп жеткізді.
Қорытындылай келе, кездесуге қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]