Сотта семинар сабағы өтті
Ақжайық аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Шара барысында сот әкімшілігінің басшысы А.Нұрым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі екенін түсіндіріп, оның негізгі қағидаттарымен мақсат міндеттерін айтып жеткізді.
Сонымен қатар, Заңда белгіленген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер де талқыланды.
Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап алды.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым.
[xfvalue_img]
14 пікір