Сот жүйесіне деген халықтың сенім деңгейін арттыру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті
Бөкей ордасы аудандық сот ғимаратында сот төрағасы Олжас Миралиевтің басшылығымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ж.Мухитов және Сайқын ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында сот төрағасы Олжас Миралиев өз сөзінде, «Сот жүйесіне деген халықтың сенім деңгейін арттыру мақсатында» ауыл тұрғындары соның ішінде коммуналдық тұрғын үйдің тұрғындарының пікірлерін, сұрақтарын тыңдауды жөн көрді. Бөкей ордасы ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ж.Мухитов сөз алып, мемлекет тарапынан берілген коммуналдық тұрғын үйдің мәселесі жыл сайын талап етілетіндігін, алайда тұрғындар жағынан тұрғын үй төлемін жасамайтыны, қыста қолданылған көгілдір отынға берешегі, су жарық беру берешектері де орын алып жатырғандығын, сонымен қатар, кейбір үйлерде өздері тұрмай жалдамалы пәтер есебінде кісі жіберіп отырғандығы анықталғанын айтып өтті.
Сонымен қатар, үйлердің ішінде орналасқан әжетхана, суға түсу ваннасы істен шығып жөндеуді талап етіп тұрғандығын, сол себепті де сотқа жүгінуге тура келгендігін алып қосты.
Кездесу кезінде сөз алған Сайқын ауылының тұрғыны Н.Нуфтыгалиева коммуналдық тұрғын үйге берешек сомманы толықтай сот орындаушы арқылы өтегендігін және алдағы уақытта үйге жөндеу жұмысын жүргізіп, уақытылы барлық төлемін жасап отыратындығын айтып көрсетті
Сөз барысында отырысқа қатысушылар өздеріне қажетті сауалдарға жауап алғанын айтып, судья Олжас Миралиевке алғыстарын жеткізді.
Зияш Зайнуллина
Бөкей ордасы ауданы
сот әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]