Батыс Қазақстан облысы бойынша Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің басшысы пара алу және бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдіктелуде
Видео: https://www.youtube.com/watch?v=1mu6ufmTar0
А.ж. 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық бюросымен пара алу бойынша Теректі аудандық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің басшысы әшкереленді.
Күдікті «Теректі ауданы Федоровка кенті Айтиев көшесінің жолын жөндеу» объектісі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа сәйкес атқарылған жұмыстар актісіне қол қою және жалпы қамқорлығы үшін өзінің қызметтік кабинетінде мердігер ұйымнан 100 мың теңге ақша қаражатын алған.
Бұрын мердігер ұйым Теректі ауданының кент ішіндегі автокөліктік жолдарды ағымдағы жөндеу және күту бойынша тендерді ұтып алғандығы және Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiмен мемлекеттік қызметтер туралы тиісті келісімшартқа отырғандығы анықталды.
Іс жүзінде аталған келісімшарт бойынша жұмыстар жүргізілмеген, ал ақша қаражаттары толықтай мердігер ұйымының басшысымен қолма-қол алынған және бөлік-бөлігімен 2017 жылдың маусым айынан бастап 2018 жылдың ақпаны кезеңінде мемлекеттік мекеме басшысына берілген.
Басшы 7,1 млн. теңгені жымқырды деп күдіктелуде.
7 қыркүйекте басшы қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]