Сот төрағасы мекеме басшыларымен кездесу өткізді
Аудандық сот төрағасы Г.Сагитова Сайқын ауылдық округінің медиаторларымен, «Орда» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, АҚ «ИнтерГазОрталық» газ құбырлары басқармасы филиалы" АҚ«Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы», «Бөкей ордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ММ-сі, «Жаңғырту» ЖШС-нің, «Заңгер» ЖК өкілдерінің қатынасуымен кездесу өткізді.
Г.Сагитова өз сөзінде кездесудің мақсаты-қоғамды төтенше жағдай кезіндегі сот тәжірибесінің жекелеген мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысының түсіндірмелерінің мәні туралы хабардар етіп, онда ТЖ режимін енгізу еңсерілмейтін күш жағдайы болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, ТЖ режимі шеңберінде шаралар мен шектеулерден туындаған міндеттемелерді орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеп соқпайтынын, ТЖ салдарынан міндеттемелерді орындамауға байланысты дауларды шешу кезінде соттар адалдық, парасаттылық және әділдік қағидатын басшылыққа алатынын жеткізді.
Заңнамаға сәйкес бірқатар салаларды дауды сотқа дейін және соттан тыс реттеудің міндетті тәртібі белгіленгенін, ТЖ кезінде шарттық міндеттемелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға алып келгенін ескеріп, тараптарға іскерлік әдеп принциптерін басшылыққа алу және дауларды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігін пайдалану ұсынылды.
Кездесу соңында қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша пікір алмасты.
Бауыржан Ману
Бөкей ордасы аудандық
сотының бас маманы
[xfvalue_img]