Сот әділдіктің айнасы болуы тиіс

Сот әділдіктің айнасы болуы тиіс

Сот жүйесі – азаматтардың құқығы мен бостандығы сақталуының, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі саналады. Ата Заңымызда Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратындығы, судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынатындығы көрсетілген. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», — демекші қазыларға деген талап қашан да жоғары. Себебі, әділетті сот — кез келген мемлекеттің негізі. Ал, бүгінгінің қазылары үшін жүріс-тұрыстың  әдеп қағидалары Судьялық әдеп кодексінде айқындалған. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 19-қадамы негізінде, яғни судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау тапсырмасы аясында жасақталған кодекс судьялардың мінез-құлық қағидаттарын тізбектеп берді. Осы орайда, Судьялық әдеп кодексі еліміз­де ғана емес, Венециядағы Құқық арқылы демократия үшін Еуро­палық Комиссиясы (Венеция ко­миссия­сы) сияқты халықаралық ұйым тарапынан да оң бағасын алғанын атап өткен жөн.

Аталған кодекстің алғашқы бабында судья берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс–тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс екендігі көрсетілген. Сондай-ақ, судьялар сот билігінің беделін түсіруге әкеп соғуы және судьяның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін іс-әрекеттерден аулақ болуға тиіс. Судьялар сот отырыстарын мәдинетті жүргізіп, өзін әдепті ұстап, сот төрелігінің әділдігі тараптардың күмәнін туғызбауы үшін шаралар қолдануы қажет. Одан бөлек, сот процестерінен тыс кезде де  қазылардың іс-әрекеті, мінез-құлқы қоғамның сеніміне селкеу түсірмеуі керек. Атап айтсақ, судья беделіне нұқсан келтіретін қоғамдық іс-шаралар мен өзге де көпшілік орындардан аулақ болуға тиіс. Ал, Судьялық әдеп кодексінің 11-бабында судьяның жеке таныстық пен байланыстарда талғампаз болып, одан қызметтік тәуелділіктегі адамдармен, өндірісіндегі істер бойынша сот процестерінің қатысушылары болып табылатын адамдармен қаржылық міндеттемелерді туындататын азаматтық–құқықтық мәмілелерді жасасудан аулақ болуға тиістігі көрсетілген. Тағы бір айта кетерлігі, кодексте белгіленген жүріс-тұрыс қағидалары барлық судьялармен қатар, отставкадағы судьяларға да ортақ. Жалпы кодекс — сот билігінің беделін түсіруге әкеп соққан және судьяның абыройына нұқсан келтірген Кодекстің ережелерін бұзғаны үшін судьяны заңға сәйкес тәртіптік жазаға тарту үшін негіз болып табылатындығын айқындап берді. Сондай-ақ, азаматтардың шағымы бойынша судьяларға қатысты қоғамдық ықпал ету шаралары да қолданылуы мүмкін. Қоғам бүкіл сот жүйесіне судьялардың шығарған сот актілерінен бөлек, олардың мәдиетіне қарай да баға беріп жатады. Сондықтан, сот жүйесіндегі басты тұлға судья болғандықтан, олардың тиісті әдеп нормаларын сақтамауы «Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді», — демекші бүкіл қазылардың беделі мен сот төрелігіне теріс әсерін тигізетінін ұмытпағанымыз абзал.

Қорыта айтсақ, қоғамның сотқа деген сеніміне арттыру үшін, сот әділдіктің айнасы болу үшін, тәуелсіз еліміздің тұғырының биік болуына атсалысу  —  біздің басты міндетіміз бола бермек. 

Е.Б. Динистанов  

Алматы гарнизоны әскери сотының

бас маманы – сот отырысының хатшысы           

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.