Сот жүйесіндегі сот приставтарының жұмысы туралы
Сот приставы – мемлекеттiк қызметтегі және өзiне Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам болып табылады. Яғни, сот процесінің залында тәртіп пен тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ететін лауазымды тұлға. Сот приставының қызметінің ұйымдастырылуы мен құқықтық мәртебесі арнайы заңмен реттеледі.
Сот приставтары Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің құрамына кіреді және оған тікелей бағынады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сот процесінде тәртіп пен тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ету бағытында іс-қимыл жасау, сот приставының негізгі міндеті.
Сот приставы өзіне жүктелген құқықтары мен міндеттерді орындау мақсатында:
- азаматтардан сот қызметінің белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ ғимаратта және сот отырысы залында құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге;
- сот ғимаратында құқық бұзушыны әкімшілік жолмен ұстауға;
- заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тарту үшін құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқылы;
- сот отырысы барысында залда қоғамдық тәртіпті сақтау;
- іс жүргізу әрекеттерін орындауда сотқа жәрдемдесу;
- сот ғимаратын күзетуді, судьялардың және процестің басқа да қатысушыларын күзетуді қамтамасыз ету оның негізгі міндеттері болып табылады.
1997 жылы сот приставтары туралы арнайы заң қабылданып, олардың міндеттері мен талаптары айқындалды. Сот приставтарының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалармен орындалуы тиіс.
А.Оразғали
Астана қаласының мамандандырылған
ауданаралық тергеу соты әкімшісінің аға
сот приставы
[xfvalue_img]