Сот приставтарының мiндеттерi
Сот приставы - мемлекеттiк қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.
Сот приставтарының мiндеттерi: сот отырысы кезiнде залда қоғамдық тәртiптi сақтау; бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау; iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу; сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету болып табылады.
Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде - iшкi iстер органдары қызметкерлерiнен, ал әскери соттың сот приставы әскери қолбасшылықтан көмек сұрауға құқылы.
Сот приставы: өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге; судьяларды және сот процесiне қатысатын өзге де тұлғаларды күзетудi жүзеге асыруға; кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге; сот отырысы залында және соттың үй-жайында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге; судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық iс пен заттық айғақтарды жеткiзудi және соттың тұрақты орналасқан жерiнен тыс сот талқылауын жүргiзу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге; судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртiбiн сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға; сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келудi жүзеге асыруға; қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi.
Сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін – сот приставы. Сот приставтарының негізгі міндеттеріне сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардан сот қызметінің белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге құқылы. Сот отырысы залында сот отырысы қатысушысыларына сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз сот залынан шығып кетуге, сот залына кіруге, орнынан тұруға, сөйлесуге, бейнежазбаға, суретке түсіру жүргізуге, ұялы телефон немесе басқа да байланыс құралдарын қосуға немесе оларды пайдалануға, сот ғимаратындағы стендтерден құжаттардың үлгілерін алуға, немесе оған жеке жарнамалық сипаттағы хабарламаларды ілуге, сот ғимаратындағы мүлікті бүлдіруге болмайды. Сот отырысы кезінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыны әкімшілік жолмен ұстауға, құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткізуге, заңдарда белгіленген тәртіппен жауапқа тарту үшін құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға, құқық бұзушы бағынбай айқын көрінетін шабуыл жасаған кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен атыс және электрлік қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы.
Д.Шаукет
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі
Әскери соты департаментінің Ішкі қауіпсіздік бөлімінің сот приставы
[xfvalue_img]