СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіретін ең басты қауіп-қатерлердің бірі екені жасырын емес. Сондықтан, оның алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылып келеді. Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғам тұрақтылығына, ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді.
Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де айналып өткен жоқ.
Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі - сыбайлас жемқорлықпен күресу болып отыр. Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді.Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес.Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтеді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін, халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Стратегия мемлекеттің алдағы жылдардағы жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі өзегі болып табылады. Құжатта жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқарту, қоғам өміріндегі, түрлі саладағы жемқорлық тудыратын себептерді жою, қабілетті превентивтік сипаттағы кешенді шаралардың жетекші рөлін жүргізу міндеттері көрсетілген. Стратегияның мақсаты-жемқорлық маcштабын азайту, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен квазимемлекеттік және секторлардың ашықтығы.
Осылайша басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуда. Қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп кеткен бұл індеттің, алдың алу үшін елімізде институционалдық және құқықтық база қалыптасқан. Сонымен қатар еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында жасалып жатқан пәрменді шараларды халықаралық ұйымдар жоғары бағалап отыр.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір- қасиетін құрметтеуге міндетті. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек.Ол үшін аталған дертке ат салысып, қарсы тұруымыз қажет.Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Тек қана осындай түсінік қоғамның алға басып, дамуына жол ашады.
А.Мұратова
БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің жетекші маманы
[xfvalue_img]