Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір азаматтың міндеті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір азаматтың міндеті.

         Заманмен бірге өсіп - өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі - ол сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Мемлекеттік басқару жүйесін бұзады және экономиканың дамуына шектеу қояды. Басқа дамушы елдер сияқты біздің мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

         Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі ол парақорлық болып табылады. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп - тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Демек пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналады деген қоғамдық сана қалыптастыруымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болады, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді. Заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Елімізде парақорлықтың алдын - алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Кез - келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс делінген.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оның алдын - алу мақсатында Мұғалжар аудандық сотында бірқатар іс - шаралар өткізіліп отырады. Мәселен, судьялар мен кеңсе қызметкерлері арасында «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы семинар сабағы. Семинар сабағында сот төрағасы А.Т.Анарбаев барлық сот қызметкерлеріне еңбек және орындау тәртібінің сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың болдырылмауы, олардың алдын - алуы және соттардағы бақылау - өткізу режимінің күшейтілуі, судьялар мен мамандарға қойылатын жоғары әдеп талаптары және сот органдарының сыбайлас жемқорлықпен күресудегі рөлі, іс бойынша тараптармен процестен тыс қарым - қатынасқа түсуге жол берілмеуі, сотқа келушілер үшін өткізу тәртібін күшейтілуі жөнінде айтылып отырады.

         Сыбайлас жемқорлықпен күресу - жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да маңызды шара. «Ғасыр дертіне» айналып бара жатқан проблеманы дер кезінде ауыздықтау - қоғам өмірінің өсуінің, дамуының бірден - бір кепілі.

         Сол себептен мақаламды аяқтай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бүгінгі күн талабы және Қазақстанның әрбір азаматының міндеті екендігін айтқым келеді.

        

Мұғалжар аудандық сотының аға сот приставы Б.Баимбетов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.