Сыбайлас жемқорлық пен қоғам
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек заңның ғана емес, бұл әрбір Қазақстандық азаматтың міндеті.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 6-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық кез-келген қоғамда, кез-келген мемлекетте кездеседі. Оның толық жоқтығын жариялай алатын елдер іс жүзінде жоқ.
Әлемнің барлық елдері «Сыбайлас жемқорлық» сияқты зұлымдықпен бетпе-бет келіп отыр. Оның үстіне қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық бірте-бірте тұрмыстық проблемадан жаһандық проблемаға айналып барады. Қазіргі барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресудің үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікті күшейту үшін жаңазаңдар мен ережелер қабылдауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында жетекші орындардың бірін алады.
Бүгінгі күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әрекет етеді. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қатерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын өзге де адамдардың, сондай-ақ оған теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Оларға сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттарын айқындайды, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың түрлерін белгілейді, сондай-ақ жауапкершілік шарттарын айқындайды.
Процессуалдық заңнамаға көптеген түзетулер енгізіліп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкеркішілк күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамдарға мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қандай да бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Кез келген заңсыз әрекетке баратын барлық артықшылықтардан мүлде айырылатынын әркім есте ұстауы керек.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік мәртебе берілді; сыбайлас жемқорлық көріністері жолын кесу және шектеу мақсатында қоғамдық және саяси күштер бірігіп кең ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан жүргізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айта отырып, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін және Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін бернеше рет атап өтті.
А.С.Байгелова
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Әкімшісінің
сот отырысының бас маманы – хатшысы
[xfvalue_img]