Тәуелсіздіктің тұмары
Егеменді еліміздің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері-Ту,Елтаңба, Әнұран.
Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі-көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі түс бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.
Ал күн бейнесі-байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.
Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік,ерлік, жоғары аңсар, жан дүниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады. Мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дүниеге келді. Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер-егіз ұғым. Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.
Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мәні, мағынасы бар. Мәселен, олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу әрбір елім деген азаматтың басты борышы екенін естен шығармау ұлт ертеңін ойлайтын саналы азаматтың парызы екені айқын.
Г.К.Нурабалиева
Сырым аудандық соты әкімшісінің бас маманы
[xfvalue_img]