Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу туралы жаңа Қағидалары бекітілген

Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу туралы жаңа Қағидалары бекітілген

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 6001-24-7-6/161 бұйрығымен Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу туралы жаңа Қағидалары бекітілген.

Осы қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» заңдарына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 тамызда № 33339 болып тіркелген) «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына», Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ереженің 18-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

Мемлекеттік тіл - іс жүргізу тілі болып табылады, онымен бірге орыс тілі ресми түрде қолданылатын қағидаларымен бекітілген.

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және басқа материалдарды тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы бекітетін аудандық және оған теңестірілген соттың, гарнизон әскери сотының істер номенклатурасында көрсетілген индекстердің тізбесі белгіленеді.

Әкімшісі қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі бекіткен лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді. Сот әкімшісінің басшысы жаңа қабылданған қызметкерлерді үш жұмыс күні ішінде осы Қағидамен соттың жұмысын регламенттейтін басқа да құжаттармен қол қою арқылы таныстырады. Қағиданың ережелері электронды құжаттарды қоса алғанда, жеткізгіштің түріне қарамастан, құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады. Сотта іс қағаздарын жүргізуде «Төрелік» АЖ қолданылады, мемлекеттік органдарымен электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қосылған «Төрелік» АЖ арқылы жүзеге асырылады. Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппарат басшысының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 18 бұйрығымен бекітілген (Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 тамызда № 21065 болып тіркелген) Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оның соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде айналыс қағидаларында айқындалған тәсілдермен ғана беріледі.

Құжаттарды электрондық түрде беру сервистері арқылы түскен электрондық құжаттарды тіркеу электрондық құжат айналымы арқылы электрондық түрде түсетін құжаттарды тіркеуге ұқсас жүргізіледі. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйелері және құжаттарды электрондық беру сервистері арқылы келіп түскен хат-хабар келесі жұмыс күнімен тіркеледі. Электрондық түрде келіп түскен хат-хабарлар қағаз жеткізгіштерге басып шығарылуға жатпайтын осы Қағидаларында нақты көрсетілген.

Құжатты жөнелтуді жүзеге асыратын Сот әкімшісінің қызметкері хат-хабарды жөнелтуге қабылдау туралы сол құжаттың соңғы данасында қабылдау күнін, уақытын және алғаны үшін қолын қою арқылы белгі жасайды.

Сот отырысының хатшысы істі тыңдауға тағайындау кезінде есепке алу карточкасына тыңдаудың күні мен уақыты туралы деректер енгізеді, тыңдауға қатысатын адамдар көрсетіледі, кейінге қалдырылған жағдай болса, тағыда есепке алу құжатында кейінге қалдыру күні мен себептері туралы мәліметтерді толтыру керектігін Қағидаларында нақты көрсетілген.

«Төрелік» АЖ әр істің электронды есепке алу карточкасына салынған сот актілері судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен, ал сот отырыстарының хаттамалары сот отырысы хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуға тиіс, электорндық цифрлық қолтанбасымен расталмаған жағдайда, осы кемшілік сол мезгілде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Ахуалды орталығымен белгіленеді.

Қылмыстық, азаматтык, әкімшілік, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер мен материалдар бойынша барлық іс-жүргізу құжаттар және қаралу барысы есепке алу электрондық есептік карточкаларында көрсетіледі.

Сот отырысының хатшысы (консультант) ic қаралып, сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап үш күндік мерзімде белгіленген тәртіппен ресімделген істерді Сот әкімшісіне өткізеді.

Апелляциялық жеке шағымдар мен прокурордың өтінішхаттары іспен бірге апелляциялық сатыға жіберілуі туралы шешімді бақылауды аудандық сот төрағасы мен іс солардың төрағалық етуімен қаралған судьялар жүзеге асырады.

Сот актілерінің тиісті тұлғаларға жолдау кезінде, заңды күшіне енбеген көшірмелерінде «заңды күшіне енбеген» деген белгі қойылады, судьяның қолымен берілген уақыты көрсетіліп, соттың мөрімен куәландырылады, ал заңды күшіне енген сот актілерінің көшірмелерінде соңғы парағының сыртында «заңды күшіне енген» деген белгі қойылып, оны судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылады.

Осы Қағидада белгіленген процестік және өзге құжаттармен жұмыс істеу тәртібі Сот әкімшісінің қызметкерлері үшін міндетті.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты

әкімшісінің басшысы А.Кожина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив