Қылмыстық іс жүргізуде  қазақ тілінің мәртебесі

Қылмыстық іс жүргізуде қазақ тілінің мәртебесі

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес құндылығы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл борышымыз. Ана тіліне салғырттықпен қарау — өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршаға белгілі.

ҚР ҚПК-нің 30-бабында көзделгендей, Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады.

Қылмыстық процесті жүргізетін органдармен негізінен қылмыстық сот ісін жүргізу тілі жөнінде заң талаптары қатаң сақталады, сотта сотталушының немесе жәбірленушінің ана тілін немесе өздері білетін тілді не аудармашының көрсететін қызметтерін пайдалану құқығы бұзылуы немесе осыған байланысты олардың қорғалу құқығы бұзылуы фактілері бірен-саран кездеседі.

ҚР ҚПК 30 бабының 2 бөлігіне сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін орган істі мемлекеттік тілден басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығара алады.

Сот талқылауы басталған кезден іске қатысушыларға сотқа өзінің ана тiлiнде немесе өздері бiлетiн басқа тiлде мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер және айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар келтіру, iс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу, аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсіндірілуі тиіс.

Яғни, қылмыстық істі басты сот талқылауында қарау барысында іске қатысушы тараптар сот ісі жүргізілетін тілді білмеген жағдайда міндетті түрде аудармашы қатыстырылуы қажет.

Басты сот талқылауында төрағалық етуші судья аудармашыға ҚР ҚПК-нің 352 бабына сәйкес ҚПК-нің 81 бабында көзделген аудармашының құқықтары мен міндеттерін түсіндіре аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы ескертедi, бұл туралы одан қолхат алынады.

Аудармашының құқықтары мен міндеттері түсіндірілгеннен кейін төрағалық етуші судья ҚПК-нің 353 бабына сәйкес іске қатысушылардан аудармашыға қарсылық бар-жоғын анықтайды. Қарсылық түскен жағдайда төрағалық етуші судья қарсылықты ҚПК-нің 92 бабының талабына сәйкес шешеді.

Сотталғанның ана тілін, аудармашының қызметтерін пайдалану, қорғалу құқығының бұзылуы қылмыстық-процестік заңды елеулі түрде бұзу деп танылып, ол жөнінде сот актілерінің күші жойылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кейбір қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің арыздары, тергеу амалдарының хаттамалары, сараптама қорытындылары орыс тілінде дайындалғанына қарамастан, тергеушімен аудармашы қатыстыру мәселесі шешілмейтін, аталған құжаттардың аудармасы жасалмайтындығын да атап өткен жөн.

Сонымен қатар, кейбір қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру органы істі қазақ тілінде жүргізгенімен, сараптама орыс тілінде жасалатын жағдайлар да кездеседі.

Сондықтан, сот ісін жүргізу тілін заңға сәйкес дұрыс қолданып, тіл өндірісін бұзуға жол бермеу қажет. Бұндай бұзылған жағдайда, сот тарапынан тергеп-тексеру органына жеке қаулы шығарып, нақты лауазымды тұлғаның жауапкершілгін шешу қарастырылған.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында 2022 жылы қазақ тілінде жалпы қылмыстық істердің 75% мемлекеттік тілде қаралған. 2023 жылы 62,5% қылмыстық істер қазақ тілінде қаралған, оның ішінде бір қылмыстық іс жәбірленуші тараптың орыс тілін меңгермегендіктен, аудармашының қатысуымен сот отырыстары өтті. 2024 жылдың сәуір айына дейін аталған сотқа 100% қылмыстық істер қазақ тілінде түсіп, қаралуда.

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қатаң сақтау өз кезегінде сот ісін жүргізудегі заңдылық, жеке бастың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу, іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сот төрелігін заң мен сот алдында теңдік бастауларында жүзеге асыру, қорғалу құқығын қамтамасыз ету, жариялылық сияқты қағидаттардың қатаң сақталуына кепіл болатыны сөзсіз.

Сондықтан сот ісін жүргізу тілі туралы заңнаманы қолданудағы олқылықтарды болдырмау және біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру республика соттарының әрдайым назарында.

С.М. Ожаева 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.